г. Астана,
ЖК Радуга пр. Кабанбай батыра,
д.5/1, НП-2

info@aqniet.com

21 июля 2020 года ИА Baq.kz опубликовало статью «Қазақстанның үздік теологтары кезекті семинарға қатысты»

Интернет-ссылка:

https://baq.kz/news/othernews/kazakstannyn-uzdik-teologtary-kezekti-seminarga-katysty/?fbclid=IwAR0wJDSfTHyyHbNN5tviFp24CiJJrild3hg--8dcdgU9JSCNAK-PsLtw6b4

 

Текст статьи:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ көмегімен 2020 жылдың 9 қазанында «Шет елдердің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі тәжірибесі туралы» семинар өткізді.

«Ақниет» орталығы «Жусан» гуманитарлық акциясына қатысқаннан кейін көпшілікке бұрынғыдан да көбірек танымал бола бастады. Өткен жылы орталықтың 60 теологы мен психологы Сириядан қайтарылған барлық Қазақстан азаматын оңалтуға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Жусан» акциясы аясында Қазақстанның 595 азаматы елге қайтарылды: 33 ер адам, 156 әйел және 406 бала. Олармен жарты жылдан астам уақыт «Ақниет» орталығының мамандары жұмыс істеді. Теологтар мен психологтардың алдында Сириядағы соғыстың қасіретінен кейін оларды Қазақстанның зайырлы қоғамындағы бейбіт өмірге бейімдеу міндеті тұрды. Дәл сол кезде «Ақниет» орталығы ел тарихымызда алғаш рет осы жұмысты ұйымдастыруда бірыңғай тәсілдерін қолданды.

Бұл тәжірибенің сәтті болғаны соншалық, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оны бүкіл Қазақстан ауқымында таратуға шешім қабылдады. АҚДМ мемлекеттік тапсырыс жоспарына жедел түрде жаңа әлеуметтік жоба енгізілді. Ал «Ақниет» орталығымен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі оның жарияланған конкурстағы жеңісін заңды түрде анықтады.

Осылайша, осы жылдың маусым айынан бастап «Ақниет» ҚҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын атқаруға кірісті.

«Ақниет» орталығының Директоры Ә.Ф.Шауметовтың пікірі бойынша жаңа жоба аясында Қазақстанда дерадикализацияның бірыңғай механизмі құрылған.

Бұл міндетті шешу өңірлерде тірек инфрақұрылымын құру және радикалды идеологиядан зардап шеккен адамдарды оңалту мен бейімдеудің бірыңғай әдіснамасын іске асыру есебінен қамтамасыз етілді. Қазақстанның барлық өңірінде «Ақниет» орталығы өкілдіктерінің кеңселері ашылды. Жоғары кәсіби ұжым жиналды. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан орталықтың бас офисінің басқаруымен жүргізілетін дерадикализацияның бірыңғай әдістемесі әзірленді. «Ақниет» орталығы мамандарының біліктілігін арттыру да бірыңғай ұстанымнан қамтамасыз етілуде, - делінген хабарламада.

Ә.Шауметовтың айтуынша, дәл осы тұрғыдан алғанда, 2020 жылдың қазан айының басында «Зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі шет елдердің тәжірибесі туралы» семинар ұйымдастырылды. Оны өткізудің басты мақсаты - теологтар мен психологтарды дерадикализация саласындағы озық шетелдік тәжірибелермен таныстыру болды.

«Ақниет» ҚҚ директоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ семинарын ұйымдастыруға көмек көрсеткенін ерекше ризашылықпен жеткізді. Семинарда Айман Мұратқызы Омарованың жасаған баяндамасы басты орын алды. Оның барысында белгілі адвокат және құқық қорғаушы практикалық және құқықтық жағынан зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимылдағы шет елдердің тәжірибелерімен бөлісті.

Ә.Шауметов «Ақниет» орталығы қолданып отырған дерадикализация әдіснамасы шетелдік теория мен практикамен үндесетінін қанағаттанушылықпен атап өтті. Оның пікірінше, бұл «Ақниет» ҚҚ жұмысшыларының күнделікті қиын жұмысында табысқа жетудің кепілі болып табылады.