Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«AQNIET» ҚҚ теологы «РУ-170/3 мекемесі» РММ-де дәріс оқыды

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің теолог-кеңесшісі Максутов Избасар Шапхатович «РУ-170/3 мекемесі» РММ-дегі сотталған діндарлар үшін «Китабут-таһарат бабы түсінігі» атты дәріс оқыды.

 

Тазалық дегеніміз: Дәрет алу және латықты кетіру деп айтылады. Судың өзі - 3түрлі болады. Бірі - таза су, бұны дәрет алуға да, латықты кетіруге де болады. Оның өзі 4-ке тармақталады. А) Онымен дәрет алуға мүлдем болмайды, тек ластықты кетіруге ғана жарамды. Яғни бұл мүбаһ күйіндегі су емес. Б) Әйел адам ғана пайдаланатын су. Бұл - әйел адам құлшылық қыламын деп ыдысқа қолына салып қойса, су таза деп есептелгенмен бірақ ер адам да, гермофродит те пайдалануға рұқсат жоқ. Ер адам су таппаса артынша таммамумен тәмамдаса болады деп имам Ахмад ханбал айтқан. <4 мазһабтың ішінен тек осы мәселені ханбалилер ғана айтқан >. В) Мәкрүһ болған су. Бұл - қатты ыстық немесе салқын су немесе нәжіс араласып ысытылса немесе ұрланған ыдыста қайнатылса мәкрүһ амал ретінде саналады. Дінсіз адам су толы ыдыстан ғұсыл үшін қолы сумен араласса, немесе тұзды-теңіз су араласса немесе суға май қосылып су қоюланатындай болса немесе кафур, ъуд (бухур), дуһн жапырақтары қалдықтары араласса немесе зам-зам суды іш дәрет алуға пайдаланса секілді мәкрүһ нәрселер келтірілген. Д) Мәкрүһ болмаған су. Бұған теңіздің суы немесе өзен мен көздің суы секілді. Мөлшері өте-мөте үлкен ыдыстан адамдардың сол судан алып суға түсетін орындағы ыдыстан болған су. Бұл қалдық суды мақсат тұтып тұрған жоқ. Күннің ыстығына жылынған су немесе өліктің иісі сіңіп қалған су болса. Суға әдейілеп жапырақ немесе балдыр салынбаса мәкруһ болып саналмайды.

 

Екінші - таза су. Бұны тек тамаққа немесе су ішуге болады. Бұл ішіне иісі өзгерген немесе дәмі өзгерген түсі өзгерген су. Мысалы шәй түсіп кетсе немесе кофе түсіп кетсе секілді мысалдар жатады. Бірақ бұнымен нәжіс кетіруге және дәрет пен ғұсылға пайдаланылмайды. Бірақ уақыт келе түсі немесе иісі, дәмі өзгеріп бұрыңғы кейпіне келсе онда ғибадатқа да, тазалыққа да пайдаланыла береді. Таза судың ішіне әр мүкәлләф мұсылманның қолы ыдыстағы суға қолы тисе еш ниетсіз жәй ғана - таза су болып есептеледі. Ал енді түнде ұйқысынан тұрған адамның міндеті болатын нәрсесі - суға қолын салмай тұрып, қолын 3 рет шайып алу. Артынша тәммум алуы - уәжіп болып саналады. Жалпы ұйқы - дәретті бұзады.

 

Үшінші - амалсыз болған кезде ғана болмаса, бірақ бұл су - нәжіс су болып саналады. Өйткені бұл суға нәжіс араласып кетсе, немесе запыран араласса, немесе үйрек пен қаз саңғырығы түсіп кетсе нәжіс болады. Бірақ бұған көп-көп мөлшерде су қосылып, судың кейпі таза күйге ауысса онда су - таза су болып саналады. Нәжіс деп саналу үшін - суға түсіп, ластану болып саналады. Су - өте көп ретінде саналса су - таза болып саналады деген хадиске амал етіледі. Бірақ бұндағы «қулләтән» сөзіне қатысты 4 мазһаб иелері судың мөлшері түсінігіне де түрлі «мөлшер»-ді алға тартқан. Өйткені хадистің дәрежесін де түрлі дәрежеге көтерген. Ғұламалардың арасындағы хиләфтің мазмұны «қулләтән»-ға жетпей қалған суға нәжіс түсіп кетіп, ештеңе өзгермесе не істейміз дегендегі таластары ғана. Егер де нәжіс көп тұрып қалып, бірақ су өз кейпінінің ешбірін өзгертпесе құлшылыққа пайдалана береді. Егер судың тазалығында күмәні болса өз ойына басымдық беріп, дәрет алмай суды төкпей тәяммум қылса болады. Ал басқа біреу келгенде оған сол суға күмәні болғанын ескертіп қойса жеткілікті деген.

 

Қорытынды: Азаматтарға ханафи мазһабынан «Фиқһ дәлелдері» атты хадистер жинағынан жүйелі сабақ беріліп келеді. Ханбалий мазһабынан фиқһ дәрісін өткізуіміздің себебін азаматтарға жазаларын өтеу барысында тыйым салынған әдеби кітаптардан сақтанбай терроризммен сотталып, тәкфирлік идеясы бар жігіттерден алшақ болу үшін, мазһабтар туралы жалпылай түсініктері болу үшін осындай дәрістер болатыны туралы ескертілді. Дәріске түрлі контингеттегі азаматтар естіп, қызығушылық танытуда.