Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ психологы «ЗК-169/5 мекемесі» РММ түзеу мекемесінде сотталған діндарларға арналған тренинг өткізді

Қызылорда облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің психолог-кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «ЗК-169/5 мекемесі» РММ түзеу мекемесінде сотталған діндарларға «Адам санасы мен бейсанасы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Дүниедегі ең ғажап, адамға тән құбылыс бұл - сана. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер сананың құдыреті. Сана -бұл тек адамға ғана тән. Сана бізге әлемді бейнелеуге, түсінуге, қабылдауға және қоғамда өмір сүруге мүмкіндік береді. Сана арқылы адам өзінің мінез-құлығын реттейді.

Сана - бұл қоғамдық болмыс. Қоғамның мүшесі бола отырып, адам саналы әрекеттерді жасайды. Сана арқылы адам әлемді бейнелеп ғана қоймай, оларға әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді.

Адамның оғаш мінез-құлығын көргенде, қандай да бір әрекеттер қоғам нормасынан шығып кетсе немесе көзқарастар сәйкес келмей жатқанда қазақта «Санасына берсін» деген түсінік бар. Сондықтан сана арқылы біз болмысты түсінеміз, онда әрекет етеміз.

«Сананы тұрмыс билейді» деген көзқарас бар. Дегенмен біз шындығында - «сананы болмыс анықтайды» десек қателеспейміз. Сана - ақыл мен ой. Енді сөздің байыбына келсек, қазір өмір сүру үшін ақша керек, ал ақша жақсы табу үшін жұмыс керек, жұмыс жасау үшін білім керек... Тізе берсек керектер жетіп артылады. Түбі айналып тәрбие мен білімге тіреледі.

Сана сіздің жеке ойларыңыз, естеліктеріңіз, сезімдеріңіз, сезіміңіз бен қоршаған ортаңыз туралы жеке хабардарыңызды білдіреді. Сіздің саналы тәжірибеңіз үнемі өзгеріп отырады. Адам құрылымын қарастырғанда үш ұғымды анықтаймыз.

МЕН- қоғамдағы өзіңіз, рөліңіз, болмысыңыз...

ОЛ- сізді әрекеттерге итермелейтін ішкі күш

ЖОҒАРЫ МЕН- Сіздің ар-намыс, ұят, абырой беделіңіз, жалпы моральдік-этикалық нұсқауларыңыз.

Осы үштік ортасында талас болады. «Ол» бейсанадан Сізді басқарып, қоғам талаптарына, заңдарына, мәдениетке, құндылықтарға, наным-сенімдерге сәйкес келмейтін әрекеттерге итермелеуі мүмкін. «Мен» оның бар қалауын жасауға әрекет етуге тырысады. Осы жерде Сіздің Жоғары Меніңіз - бақылаушы болады.

Бейсана: бұл не және бізді басқара ма?

Бейсаналық- саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау. Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.

Бейсана - адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана адам өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын болмысты бейнелеудің формасы.

Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп түс көреміз. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бейсаналықты динамикалық ығыстыру» терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген.

Адамның бейсанасы қоршаған ортадан түскен барлық ақпаратқа ие. Не көресіз, не естисіз, не білесіз, – бәрі осы бейсанада. Бейсана барлық сұраққа жөнді жауап бере алады. Ол сіздің кез келген ақпаратқа эмоциямен қарауыңызды қамтамасыз етеді, соның арқасында сіз өмірлік мақсатыңызды айқындайсыз. Нақты бір ақпаратты жүрегіңіз жақын қабылдаса, бейсанаңыз бұның орындалуы үшін жұмыс істей бастайды.

Алдыңызға жаңа мақсат қойсаңыз, бейсана оны бұйрық ретінде қабылдайды. Бұйрықты орындау үшін сөзіңізді, әрекеттеріңізді мұқият саралап, өзіңізді толықтай мақсатқа жету жолына бағыттайды. Егер сіз дұрыс сөйлеп, жақсы әрекет жасасаңыз, мақсатыңыз айқын, ісіңіз оңды болса, алынбайтын асу жоқ. Мақсатыңызға жетесіз!

Бірақ таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпайық. Егер Сіз алдыңызға дұрыс мақсат қоймасаңыз, жаман сөз айтсаңыз, өзіңізді бағаламасаңыз, бейсанаңыз ойыңызды, сөзіңізді назарға алып, өз жұмысын істей береді. Сіз қиындыққа жолығасыз. Сондықтан «жақсы сөз - жарым ырыс» екені есіңізде жүрсін.

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.