Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«ГМ-172/6» түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге «Мазхаб - Пайғамбарға (с.ғ.с.) апаратын жол» атты дәріс өткізілді

Маңғыстау облысы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ теолог-консультанты Азамат Тулепов «ГМ-172/6» түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар үшін дәріс оқыды.

 

Пайғамбарымыз(с.а.с.) бір хадисінде «Адамдардың ең хайырлысы менің ғасырымда өмір сүргендер, содан кейін келгендер және одан кейін келгендер» деп баяндайды. Сол алғашқы үш буынды қатарымен айтар болсақ, олар - сахабалар, табиғиндер (сахабаларды көргендер) және табаға-табиғиндер (табиғиндерді көргендер). Яғни, Исламның алғашқы үш ғасырында өмір сүргендер. Бұлар иманда, ілімде және амалда бүтін мұсылмандарға үлгі-өнеге болған буындар.

 

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін сахабалар Исламның алғашқы өкілдері болды, Хижаз аймағында  және Ислам әлеміне қосылған жаңа аймақтарға Исламды дұрыс уағыздап жеткізіп, көптеген шәкірттер дайындады. Құран кәрімді, хадистерді және ислами жораларды сол кездегі мұсылмандар сахабалар арқылы үйренді. Сондықтан тарихқа көз жүгіртсек, сахабалардың әрбірі ілімге үлес қосумен қатар иман, амал, әдеп, зуһд, тақуалық және көркем мінез-құлықта өз үлестерін қосқан.

 

Олардан кейінгі келген буын - табиғиндер сахабалардың көзінің алдында жетіліп, иманды, ілімді және амалды солардан үйренді. Бұл буынның табиғиндер деп аталуының себебі - мәселеге атүсті қарамай, сахабалардың артынан жүруде көрсеткен табандылықтары мен сүйіспеншіліктері.

 

Сахабалардың мәртебесінің жоғары болуы, Құранда жақсылықтың жаршысы ретінде мадақталуы, Мұхаммед пайғамбардың көзінің алдында жетілген өкілдері болуы, сонымен қатар Исламды ең дұрыс бойларына сіңіріп өмір сүрулерімен қатар қара қылды қақ жарған әділеттіліктерінде жатыр. Ал табиғиндердің шоқтықтарының биік болуы мына екі негізде жатса керек:

- Олар Исламды сахаба буыны-нан, яғни дін амалдарын дұрыс түсініп іске асырған жандардан үйренді.

- Сахабалар кезеңінде кездес-пеген, кейіннен ортаға шыққан Исламға жат бейтаныс идеялар, мәдениеттер, наным-сенімдермен алғаш рет олар бетпе-бет келді.

 

Философиялық ағымдармен қа-тар, философиялық ойдан өрбіген Мұғтәзила, Жәбрия, Мүржия се-кілді жаңа шыққан ағымдар және түрлі мәдениеттер мен наным-сенімдер алғаш рет табиғиндер кезеңінде Ислам қоғамына еніп, түрлі көзқарастардың және ақи-далық мәселелердің туындауына түрткі болды.

 

Табиғиндер буынынан болған ғалымдар аталмыш ағымдармен күрес жүргізіп, сахабалардан мирас болып қалған таза Ислам түсінігінің кемшіліксіз таралуына және келешек ұрпақтарға дұрыс жетуіне көпір болып, көптеген қызметтер атқарды. Міне, сондықтан Ислам негізіне жат келетін әртүрлі жаңалықтарға көзқарасымыздың қандай болатындығын табиғиндер буынынан үлгі алып бағдарымызды белгілеуіміз қажет.

 

Табиғиндер кезеңі фиқһи мәзһабтардың негізі қаланған және жеке мәзһабтардың ортаға шыға бастаған дәуірі ретінде де өте маңызды. Сол дәуірде өмір сүрген Хасан Басри, Суфиян Сәури, Ибраһим Ән-Наһаий, Шағбий секілді көптеген ұлы тұлғалардың әрбірі мұжтәһид болып, жеке мәзһабқа ие болды. Ханафи мәзһабының имамы Әбу Ханифа да осы кезеңде өмір сүрген таби-ғиндер буынынан.

 

Табиғиндерден кейін келіп, олардың шәкірттері болғандар-ды «табаға-табиғиндер» дейді. Бұл кезең ғылыми салалардың қалыптасып кең етек жайған, хадистердің жеке кітаптар хәлінде жинақталып, фиқһи мәзһабтардың кемелденіп тармақталған шағы болды.

 

Сонымен, жоғарыда баяндалған үш буын Құран мен сүннетте ардақталып, таза Ислам түсінігінің бізге дейін кіршіксіз жетуіне жауапкершілікті өз мойындарына алып орындады. Сондықтан, атал-мыш үш буынның діни наным-сенімдері, діни шешімдері мен ұстанымдары ең сенімді әрі дұрыс пен бұрыстың өлшемі болып табылады.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.