Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Атырау облысы бойынша «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының жетекшісі Саятжан Маханбетов «УГ-157/9» түзету мекемесінде экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеуші азаматтарға «Ислам үмбеті 73 топқа бөліне ме?» тақырыбында on-line форматында лекция өткізді.
Ислам тарихында әртүрлі діни және саяси топтар аталған хадисті өз мүдделеріне қарай шархтап отырған. Әйтсе де, хадис ілімінің атақты ғалымдары осы мәселеге қатысты төмендегідей ой білдірген.
Хадисті шархтаған ғалымдар келесідей нәзік бір мәселенің астын сызып тұрып көрсеткен. Ол: «Хадистің мәтініне мән беретін болсақ бірінші санатта Исрайл ұрпағы яғни, еврлейлер 71 топқа ал христиандар 72 топқа бөлінеді дейді де «менің үмбетім» 73 топқа бөлінеді делінген. Яғни, контекст бойынша 1 еврейлер, 2 христиандар, 3 «үмбетім» деген сөздің орнына «мұсылмандар» деп қолданылуы керек еді. Демек, «үмбетім» деген сөздің мағынасын кеңінен ашқан кезде ғана хадистің негізгі мазмұнын түсінген боламыз.
Пайғамбар (ﷺ) араб халқы үшін немесе тек мұсылмандарға ғана жіберілген емес. Ол бүкіл адамзат тіпті жындарға да соңғы пайғамбер ретінде жіберілді. Сондықтан да пайғамбар (ﷺ) үмбеті делінген кезде ол пайғамбар (ﷺ) келгелі бері өмір сүрген барлық адамзатқа қатысты айтылады. Ойды түйіп айтсақ Мұхаммет пайғамбардың үмбеті арнайы бір топ емес, тұтас адамзат. Ал, сол адамзаттың ішінде мұсылманы да бар басқасы да бар. Демек, пайғамбар үмбеті 73 топқа бөлініп 1 ғана жұмақтық болатын болса онда ол топ түгел мұсылмандар. Яғни, ол тек «мұғтазилит», «қадарит», «салафит» және тек «матрудит» т.б. емес, Алланың қалауымен барлық мұсылмандар болмақ.
Егер, «жоқ, ол 73 топқа бөліну ислам шеңберінің ішінде болады және жұмаққа баратын топ ол бізбіз» - деп әртүрлі топтар өздеріне қатысты бұра берсе онда ислам ішіндегі қалған топтардың барлығын күпірлікпен және пасықтықпен айыптағыш болады және ең маңыздысы келесідей: «Кімде-кім бар ықыласымен Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ десе жұмаққа кіреді», «Кімде-кімнің соңғы сөзі Алладан басқа ешбір Тәңір болса жұмаққа кіреді» делінген «мутауатир» деңгейіндегі яғни, біз қарастырып отырған «мудтораб» хадистен әлде қайда жоғары санаттағы хадистерге қайшы келіп қалады. Сонымен қатар, «Кімде-кім бар ықыласымен Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ десе жұмаққа кіреді» деген хадиске қатысты ғалымдар: «Исламда көптеген адасушы топтар бар. Олар өздерінің адасушылығы үшін тозаққа түседі. Дегенмен, «Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ» деп куәлік етіп, мұсылман болғаны үшін түбінде жұмаққа барады. Адасушылықтың барлығы діннен шығара бермейді!», - деген.
Исламның логикасы, философиясы мұсылмандарды жік-жікке бөлуді емес, керісінше бір тұтас қылып, ауызбіршілікте болғанын қалайды. Оған қатысты аят, хадис және ғалымдардың сөздері толып тұр. Оны тіпті діни мамандығы жоқ адамның өзі растай алады. Мінекей, хадис осылай шархталған кезде ғана толық мағына шығып, мұсылмандар арасындағы идеологиялық қақтығыстар азая бермек.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.