Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психологы Динара Мухамбетовна Ақтау қаласындағы ҚАЖД қарасты ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатырған азаматтарға «Рахымды ұйғарым» атты тақырыппен психологиялық тренинг жүргізді.
Аталмыш азаматтарға тақырыпқа сай қысқаша түсіндірмелі жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, рахымды ұйғарым «Жусан» операциясы бойынша деректер көрсетіліп, сотталушылар арасында пікір алмасу орын алды.
Сотталушыларға «Жусан» операциясы бойынша сұрақтар қойылды. Соның бірі:
- Неліктен Қазақстан өзінің азаматтарын елге алып келді?
- Басқа елдер өздерінің азаматтарынан неліктен бас тартты?
- Өзгеру адамға қажет пе?
- Егер біздің еліміз өз азаматтарын қақтығыс аймағынан әкелмеген жағдайда не болар еді?
Пікір алмасу барысында жалпы ашықтан-ашық қарсы шығушы, талас-тартыс туындатушылар болған жоқ. Барлығы бір тараптан келісім танытып, айтылған ақпараттарға оң көзқарас танытты.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.