Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Жобалар

«AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» Қоғамдық қоры

1 Жоба. «Аймақтарда деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларға түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін ұсыну»

Әлеуметтік жобаның мақсаты: өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеология жақтаушыларының санын азайту бойынша түсіндіру, оңалту және дерадикализм жұмыстарына бірыңғай тәсілдерді енгізу.

Әлеуметтік жобаның міндеті:

Жоба аясында келесідей міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:

- Деструктивті және радикалды діни идеология ұстанушыларына түсіндірме, оңалту және радикалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ел аймақтарында кеңселер ашу;

- Аймақтарда орналасқан кеңселерде деструктивті және радикалды діни идеология ұстанушыларына түсіндірме, оңалту және дерадикализация жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;

- Деструктивті және радикалды діни идеология ұстанушыларына түсіндірме, оңалту және дерадикализация жұмыстары аясында діни қызмет саласындағы жергілікті уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсету.

Әлеуметтік жобамен қамтылған топтар:

1. Радикалды діни көзқарастағы адамдар.

2. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеп жатқандар.

3. Ел тұрғындары, әсіресе жастар.