Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Қызылорда облысындағы өкілдігінің психолог-консультанты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Өңірлерде діни түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында «» РММ-де қылмыстық жазасын өтеп жатқандарға арналған «Өмірдің үшінші құндылығы: уақыт» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі.
Уақытты жоғалту:
- мақсаттың нақты еместігі;
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырмау;
- әр түрлі үзілістер;
- бір уақытта бірнеше тапсырмаларды орындау қажеттілігі;
- демалысты дұрыс ұйымдастырмау;
- күйзеліс.
Бұл адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор. Уақытты пайдалануды зерттеу - жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады.
Уақыт басқару дегеніміз - тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру.
Уақытты басқару үшін не істеу керек?
- мақсат қою;
- жоспарлау;
- бөлу;
- уақыт шығынын талдау;
- мониторинг;
- ұйымдастыру;
- тізім құру;
- басымдылықтарды қою.
Уақытты басқару техникалары:
- Техника: « Эйзенхауэр матрицасы» - басымдылықтар мен категориялар жүйесін келтірумен жүзеге асырылады;
- Техника: «Хронометраж (уақытты сақтау)» «Жұмыс уақытын бақылау» модулі арқылы жүзеге асырылады;
- Парето әдісі (80/20 заңы): 80% міндеттер20 % шығынды уақытпен шешілуі мүмкін; қалған 20% міндеттерге 80% уақыт шығын кетеді;
- Өзіндік менеджмент - адамның өз уақытын өзбетінше ұйымдастыруы;
- АБСД – талдау;
- «Қызанақ» әдісі.
Уақыт еш уақытта орны толмайтын ресурс болып табылады. Қандай жағдайда да адам өз өмірінің қожайыны болу үшін әрбір уақытын өз басқара білуі маңызды. Өткеннен сабақ ал, қазіргіні қадірле, болашаққа бағдарлан.