Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Маңғыстау облысы «172/10» мекемесінде жазасын өтеушілерге психологиялық тренинг өткізілді

Маңғыстау облысы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының психологы Динара Мухамбетовна Ақтау қаласындағы ҚАЖД қарасты ГМ- жазасын өтеп жатқан азаматтарға «Менің өмірім» атты тақырыппен психологиялық тренинг өткізді.

 

Жазасын өтеушілерге эмоционалды тұрақтылықты, эмоцияны басқаруға арналған «Размораживание» ойынын жүргізу барысында азаматтар өз ойларын ортаға салып, ішкі қырларын танып, топ арасында өзіндік жақсы көңіл күй орнатылды.

 

Тренинг мақсаты - жазасын өтеушілерге жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп білуге үйрету, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, өмірге деген көзқарастарын кеңейту.

 

Тренинг міндеті - олардың өзге адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну, өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу, өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу, белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру болды.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.