Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Маңғыстау облысы «ГМ-172/6» мекемесiнде жазасын өтеушiлерге теолог дәрiс өткiздi

«Өңірлерде діни түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Маңғыстау облысындағы өкілдігінің теолог-консультанты Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы «ГМ-172/6 мекемесі» РММ-де қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталған діндарларға арналған «Soft power - Жұмсақ күш» тақырыбында дәріс оқыды.

 

Ғылыми-танымдық тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында арнайы контингентті қамту және топтық кездесуді айтарлықтай деңгейде өткізу мақсаты алға қойылды. Басты қағида мен ұстаным ретінде «Soft power - Жұмсақ күш» атты тақырыпты негізгі принцип пен дәрістің өзегіне айналдыру қарастырылды.

 

Мерзімді жазасын өтеушілерді топтық кездесуде тарта отырып, «Soft power - Жұмсақ күш» ұғымының қайдан келіп туындайтындығын ұқтыру назарға алынды. Сондай-ақ мемлекеттік мекеменің әкімшілігі тарапынан жасалған сұранысқа сәйкес арнайы контингентке бағытталған тың лекцияны оқу мақсат етілді.

 

Заң аясында бас бостандығынан шектетілгендердің Республикалық арналар арқылы таратылатын жаһан және жергілікті жаңалықтарды жиі тыңдайтындықтары әрі нендей нәрселерге бейімділіктері мен әуестіктері бары ескерілді. Сондықтан «Soft power» тақырыбы тарқатып түсіндіру үшін таңдалды. Әлбетте, басты айтылатын ойды жеткізу мақсатында ең алдымен сотталушыларға «Жұмсақ күш» терминін ғылыми айналымға енгізген Джозеф Сэмюэль Найдің өмірі туралы қысқаша ақпарат беру естен шығарылмады.

 

Ал оның артынша алпауыт мемлекетке айналған және аталмыш ұғымды ұтымды қолданған АҚШ-ның Ирак, Ливия, Сирия және Ауғанстан секілді елдерге емін-еркін кіру кезінде тиімді түрде пайдаланғандығын сөз ету алдымда тұрды. Сонымен қатар hard power және smart power сынды күштердің жұмсақ билікті басқару арқылы жүзеге асатындығын аудиторияға жан-жақты жеткізу принципі келесі кезекте болды.

 

Осылайша, кез келген жекелеген тұлғалар мен жалпы жұртшылықтың деструктивті діни ортаға ойысып, сыртқы және ішкі күштердің ықпалында қалатындықтарын ашып айту басты қағидам қылынды. Сәйкесінше, саяси сахналар мен ареналарда жоғарыдағы құралдардың есебінен түрлі жоспарлардың іске асырылатындығын байыпты және байсалды баяндауды негіз етіп алдым. Сөйтіп, ақпараттық майданның ызғарында болып, соңында содырлар мен жендеттерге, қылмыскерлер мен қанішерлерге айналатындар жөнінде де бүепесіз айту көзделді. Нәтижесінде, сотталушыларға қызықты материалдар ұсыну, арадағы кері байланысты орнату және қарым-қатынасты нығайту көпірін жасау болды.

 

Арнайы контингентке бағытталған топтық басқосудың соңында сұрақ-жауаптар мен пікір алмасуға мүмкіндіктер беріп, олардың ойлау қабылеттерін шындау ескерілді. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.