Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Маңғыстау облысы өкілдігінің теолог-консультанты Асланбек Тыныштықов «ГМ-172/6 мекемесі» РММ-де қылмыстық жазасын өтеушілерге «Такфирлі теріс тұжырым немесе уаһһабиліктен қала бас тартым» тақырыбында дәріс оқыды.
Әр кезең мен заманда түрлі топтардың бой көрсетіп, белең алуы табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Бірақ қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қажеттілігін өтеу үшін дамудың алғы шарттары орындалу керектігі сөзсіз. Осы тұста тасадан шығатын теріс топтарға тойтарыс беру мақсатында «Әл-Фарқу байна Әл-Фирақ» сынды елеулі еңбектер жазылып, идеологиялық соғыс сахнасына шығатын пікір майданының майталмандары мен мамандарына сұраныс болатындығын тарихи оқиғалар дәлелдей түсті.
Діни саладағы қызмет барысында барыстай батыр болатындар мен ақиқат алаңында арыстандай арпалысатындардың алар асулары алдарында тұрғандығын ғалымдар көрсетті. Солардың бірін атап өтсек «Әл-Мунқиз мин Әд-далал» атты еңбектің авторы имам Әбу Хамид Әл-Ғазали екендігі көпшілікке белгілі. Ол өз уақытында әртүрлі топтардың арасында болып, олардың рухани дағдарысты бастан өткеріп жүргендігіне баға берген.
Осылайша, алдыңғы буын өкілдерінің жазып қалдырған есепсіз еңбектерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі қоғамның дертіне дауа болуды негізгі мақсат ретінде қабылдап келеміз. Сондай-ақ такфирлік теріс тұжырымдардың Харижилер мен Мұғтазилилердің дәуірінде де көрініс тапқандығын ескеріп, заманымыздың заңнамалары мен құқықтық актілеріне сүйене отырып, халықтар арасына сызат түсіруді қалайтындардың алдын кесу басты міндетіміз деп білеміз. Сол үшін ауқымды тақырыптарды құран, хадис, сахабалар мен табиғиндердің пәтуалары, ижмағ, қияс және әдет-ғұрыптар мен салттық дәстүрлердің елегімен екшеп, ішкі сүзгіден өткізу арқылы өзгелерге берудің маңыздылығын ұқтыру бірінші кезете болуда.
Оған қоса, тілдік және географиялық ерекшеліктерді ескерудің мәні мен мағынасын барын жатжұрттық сенімнің жетегінде жүргендерге жіті түсіндіру миссиялық мінддетіміз екендігі айдан анық. Жалпы қағидалар мен ережелерді, дұрыс пәлсапа мен логиканы қолданудың өзі үлкен нәтижжеге жеткізетіндігі назардан тыс қалмаған. Қорыта айтқанда, кез келген соқыр сенімнің соңынан ілесушілердің іс-әрекеттерін әшкерелеу және кәсіби деңгейді көтеру, әрі біліктілікті тәжірибемен бірге арттыру жағы да лекцияға дайындалу кезінде келетіндігі ескеріледі.
Топтық кездесу арқылы қарсы бағыттық насихаттау жұмысын жүзеге асыру және кереғар пікірлер мен теріс ойларды жою мақсат етілді.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.