Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Маңғыстау облысы «Ақниет» АНОО психологы Ақтау қаласындағы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесіндегі басшылық пен жеке құрамға «Қызметкерлердің қарым-қатынасы» атты тақырыппен психологиялық тренинг жүргізді.
Тренинг мақсаты - қызметкерлерге жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп білуге үйрету, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, жұмыс бабында кикілжің мәселелерді оңай шешуге позитивті көңіл күй қалдыру.
Тренинг міндеттері - сотталушы азаматтармен тиімді сұхбаттасу, олардың әңгіме барысында невербалды қимыл-қозғалыстарына назар аударып, әңгімелесу тақырыптарын нақытлау. Сонымен қатар қызметкерлер арасында достық қарым-қатынас орнату, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыру.
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.