Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Павлодар облысы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Сыздық Ермек «АП-162/1» РММ-де қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарға «Мұсылманның мұсылманға бес ақиқаты» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Кішіпейілдік, пайғамбардың ең көрікті сипаттарының бірі. Алланың елшісі (с.а.у.) барлық әлемнің пайғамбары бола тұра адамдардың ең кішіпейілі еді.
Кішіпейіл адамдар құрметшіл келеді. Олар менменсініп, кеуде кермейді, өзгелерден ерекше құрмет күтпейді. Қайта, өздері басқаларға шын ықылас білдіреді, әрі олардан үйренуге асық келеді.
Кейде кішік болуды әлсіз болумен шатастырып жатады. Бірақ шын мәнінде кішіпейілділік - әлсіздік емес, күштілік. Өйткені бұл қасиет адамға қателігін түсінуге, шама-шарқын мойындай білуге көмектеседі.
Кішілік достыққа бастайды. «Нарциссизм дерті» атты кітапта: «Негізі, кішіпейіл адамдар достарды тез табады. Ондай адамдар қайда жүрсе де, басқалармен тіл табысып жүреді», - делінген.
Кішіпейілдің келешегі бар. Балаңызды бүгіннен кішіпейілділікке баулысаңыз, ертеңгі күні оған жұмыс табу қиынға соқпайды. Дәрігер-психолог Леонард Сакс былай деп жазады: «Өзі жайында тым жоғары ойлап, кемші тұстарым жоқ дейтін жастар жұмысқа тұру үшін сұхбатқа барғанда, өзі жайында жағымсыз пікір қалдырады. Ал, керісінше, жұмыс берушінің не талап ететінін шынымен білгісі келетін жастар әдетте жұмысқа оңай тұрып жатады».
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.