Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесі кітапханасына әдебиеттер берілді

«Ақниет» АНОО-ның деструктивті және радикалды діни идеологияның жақтаушыларымен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде Атырау облысы бойынша «Ақниет» орталығының жетекшісі Маханбетов Саятжан Бақытжанұлы ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесі кітапханасына «Тұлғалар өміріндегі ислам», «Исламдағы әйел тазалығы», «Нет боли... Есть воля... Воля Творца», «Ильмихал» және «Люди Сунны и согласия - кто они?» кітабын берді.

 

Аталған әдебиеттер діни сараптамадан өткен. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.