г. Астана,
ЖК Радуга пр. Кабанбай батыра,
д.5/1, НП-2

info@aqniet.com

«Ақниет» қоғамдық қорының қызметкерлерімен өткізілген тренинг

 

Өңіріміздегі мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар-тренингтер жалғасын табуда. Бұл жолғы тренинг «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру әдістері» тақырыбына арналып, дәріскерлер Республикалық «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорынан арнайы келді. Олар қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Алматы қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Замир Қаратайұлы Төлешов пен «Ақниет» АНОО ҚҚ психологиялық қызметінің басшысы Шнар Мұхамбетқызы Наурузбаеваның семинар жұмысына қатысуы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды.

 

https://www.facebook.com/100026526276805/posts/775867539974115/?d=n