г. Астана,
ЖК Радуга пр. Кабанбай батыра,
д.5/1, НП-2

info@aqniet.com

БІЛІМСІЗ ҚОҒАМ - БІЛІМДІГЕ ТӘУЕЛДІ

 

Діни экстремизм мен терроризм қай мемлекеттің болсын дамуын тежейді. Қазіргі уақытта тек Ислам әлемі ғана емес, жер бетінде түрлі алауыздық пен теке-тірестер ушығып тұр. Мұның себебі де көп. 2017 жылы елордамызда өткен «Ислам ынтымақтастық» форумында Ислам әлемінің 55 % оқу-жазуды білмейді деген дерек айтылды. Бұл дегеніміз біржарым миллиард мұсылманның ішінен сегіз жүз миллион адам оқу-жазуды білмейді деген сөз. Білмейтін адамды басқару оңайырақ екені белгілі. Демек, білімсіз қоғам білімдіге тәуелді.