г. Астана,
ЖК Радуга пр. Кабанбай батыра,
д.5/1, НП-2

info@aqniet.com

Мазхаб – мұсылмандық мәйегі

 

 

Қасиетті Құран сөздерін бұрмалау мен исламның шынайы құндылықтары туралы түсініктерді алмастыру арқылы жат идеологияға арбалған жастар мазхабты мойындамайды. Діни білімі айтарлықтай болмаса да өз алдарына бесінші бір мазхабты ойлап тапқысы келеді. Бұндай білімсіздік таныту адасушылыққа апарып соғады.
Біз Әбу Ханифа мазхабының өткен тарихымызда халқымыздың тілі мен дәстүрінің, ұлттық-этникалық бірыңғайлығының сақталып қалуына зор әсер еткенін естен шығармауымыз керек. Әбу Ханифа ілімі Қазақстандағы барлық мұсылмандардың, қазақ халқының ынтымақ пен бірлікте өмір сүруіне қызмет ететін үлкен мектеп.