Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Діни фанатизм – қоғамға қауіпті құбылыс

Жалпы фанатизм құбылысы тек дін саласына ғана тән емес болғандықтан, бұл ұғымның негізгі мән-мағынасына тоқтала кетуіміз қажет.
Діни фанатизм – қандай да бір діни ұстанымдарға баc ұрып, қағидаттарына тәуeлділік танытуды білдірeді. жанкештілік пен бірбеткейлікке салынып, ақиқаттылығына қарамастан ешкімнің көзқарасына құлақ салмай, соқыр сенімге еліктеу. Неміс философы Карл Яcпeрcтің пікіріншe, фанат дeгeніміз өзін қандай да бір міндeткe арнаған жәнe көзі oдан баcқа eштeңeні көрмeйтін жан. Oл өз мақcатына жeту үшін бeйcаналы түрдe қoлында бардың бәрімeн тәуeкeл eтугe даяр. Фанатизм деген өте қауіпті жазылмас дерт екендігін өткен ғасырдағы ұлттық фанатизм дертімен ауырған фашистік германияның тағдыры анық көрсетіп берген еді.
Жалпы, нәсілдік, ұлттық немесе діни фанатизм бола ма, қайсысы да оңып тұрған жоқ. Олардың бәріне ортақ қасиет – бізден артық ешкім жоқ, басқаларын таптап езу, құрту керек деген астамшылық пиғылдың болуы. Осыған орай, қоғамдағы, әсіресе жастар арасында діни фанатизмнің етек жаюына тосқауыл болып, алдын алу шаралары мен радикалсыздандыру әрекеттерін кешенді түрде атқара білуміз қажет. Атап айтқанда, халық арасында ақпараттық, профилактикалық әрі теологиялық түсіндірме жұмыстары жүргізілуімен қатар, белгілі қоғамдық аудиторияларға да назар аударуға тиіспіз. Жалпы бақылау мен әлеуметтік желілерді монтиторинг жасау арқылы, діни фанатизмге бейім келетін қоғам буындарын, олардың жас аралықтарын, орналасқан аймағын нақты анықтау маңызды іс. Анықталған ақпаратқа сәйкесінше, тиісті жоспар құру арқылы, жүйелі түсіндірме жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, қоғам арасында діни фанатизмге қарсы сыни ойлау мен логикалық пайымдай білу қабілеттерін дамыта отырып, ақпараттық кеңістіктегі діни мазмұнды материялдарға өзіндік сараптай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Оған қоса, діни сауаттылық пен зайырлы білім алу, адамның пікіралуандылығын дамыту, жалпы сауаттылықты арттыру арқылы болары сөзсіз.