Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Қызылорда облысындағы өкілдігінің психологы Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы Тараз қаласындағы «АЖ-158/2 мекемесі» РММ-гі сотталған сенушілерге «Өмірдің мәні және құндылықтар» тақырыбында сабақ өткізді.
В рамках проекта «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» психолог представительства ОФ «Информационно-пропагандистский и реабилитационный центр ОФ «Aqniet» в Кызылординской области Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы провела занятие «Өмірдің мәні және құндылықтар» с осужденными верующими в РГУ «Учреждение АЖ-158/2» в г.Таразе.
Адамның өмірінің мәні ол өзінің өмірін бағындырған құндылықты білдіреді, ол өмірлік мақсаттарды белгілеп, оларды жүзеге асырады. Бұл өмірдің рухани мағынасының компоненті, ол әлеуметтік құндылықтардан бөлек қалыптасады және адамның жеке құндылық жүйесін құрайды.Өмірдің осы мәнін ашып, құн иерархиясын жасау өзінің жеке тәжірибесіне негізделген әр адамда көрініс табады.
Зерттеулердегі «мән» терминінің анықтамасын талдау арқылы оның бірнеше мағынасын тұжырымдауда болады:
- мән-адам әрекеті мен қылығының мақсаты;
- мән-әрекеттің, іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, адам өмірінің және қоғамның жағымды /позитивті/ мазмұнын білдіру үшін қолданылатын құндылықты - бағалаушы ұғым;
- мән құндылық ретінде;
- мән-бір нәрсенің мінсіз мазмұны;
- мән адам мұраты ретінде;
- мән-адам іс-әрекетінің нәтижесі;
- мән-адам бақыты;
- мән-адамзат ауқымында және тұтас әлемде адамның тағдыры;
- мән-«түсіну» ретінде, адамның «мен не жасадым?- ұғыну», «Мен не жасап жатырмын?- зерделеу», «Мен не жасаймын? - ұғыну» сұрақ -жауабында көрінетін ұғыну үдерісі мен нәтижесі Бұл жағдайда адам өзінің ұғынуларын «жақсы» немесе «жаман», «жақсылық» немесе «жамандық» категорияларында бағалайды.
Өмірлік құндылық неге қажет?
Құндылық - бұл адам қол жеткізуі үшін барлық ресурсын: күш-қуатын, уақытын, ақшасын… жұмсайтын нәрсе… Өмірлік құндылықтар-бұл адам өміріндегі мақсат қоятын және оған жету жолдарын анықтайтын материалдық немесе рухани басымдықтар. Өмірлік құндылықтар адам өмірінде маңызды орын алады. Өзі үшін құндылықтардың анықтамасы тек адамға ғана емес, сонымен бірге оның тәрбиесіне, қоршаған ортасына, өмір сүру жағдайына және өзі тұратын елдің мәдениетіне де байланысты. Әр түрлі дәуірлерде әр түрлі құндылықтар болған және әр түрлі елдердің өкілдері арасында құндылықтар да әр түрлі болады.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.