Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

AТА-АНАҒА ҚАЛАЙ ҚАРАУ КЕРЕК?

Раббымыз Құранда Исра сүресінің 23 және 24-ші аяттарында былай бұйырады:

“Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып), тіпті: «Түу», - деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт! Олардың алдында барынша мейірімді, мейлінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Һәм олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей гөр!», - деп дұға ет”.

Ибн Aббас (р.а.) бұл аятты былай тәпсірлеген:
Оларға жаман сөз айтпа және оларға жылы сөйлеп, әдемі сөздеріңді арна. Олардың алдында кішіпейіл, мейірімді бол. Ата-анаң бар кезде және өлгеннен кейін оларды кешіруі үшін Алла Тағалаға былай дұға жаса: “Раббым, мен жас күнімде олар мейірімдерін төгіп мені қалай өсірсе, сен енді оларды рақымыңа бөлей гөр”.

Ата-анасы тірі кезде және дүниеден өткен соң, олардың қақыларын сақтап, әр намаздан кейін олар үшін дұға жасау балаға уәжіб.