Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Aqniet» гуманитарлық операциясы шеңберінде елге оралған азаматшалармен «Пайғамбар (ﷺ) ақидасындағы «Истауа» мәселесі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.
Пайғамбар (ﷺ) ақидасындағы «Истауа» мәселесі туралы Имам Әбу Ханифа, Имам Шафиғи және Имам Мәлік (Алла оларды рақымына бөлесін) айтқан сөздері. Имам Әбу Ханифа (р.а): «Алланың аршыға истәуәсына иман келтіреміз», - деген. Имам Шафиғи (р.а): «Алладан не нәрсе келген болса және нені мақсат еткен болса және Пайғамбардан (ﷺ) не нәрсе келген болса, сондай-ақ, нені мақсат еткен болса-соған иман келтіреміз», - деген. Имам Мәлік (р.а): «Истәуә - белгілі, оның қандай екені - белгісіз, оған иман келтіру - уәжіп, (міндет), ол жайлы сұрау - бидғат», деген.
Пайғамбар (ﷺ) ақидасындағы «Истауа» мәселесі туралы Имам әл-Матуриди (р.а) «Китаб ат-Таухид» кітабында және Имам Әбу әл- Хасан әл-Әшғари (р.а) айтқан сөздері. Имам әл-Матуриди (р.а) «Китаб ат-Таухид» кітабында: «Алла Тағала нені мақсат еткен болса, солай иман келтіреміз», - деген. Имам Әбу әл- Хасан әл-Әшғари (р.а): «Алла Тағала орнығусыз аршыға истәуә етті», - деген.
Пайғамбар (ﷺ) ақидасымен салыстыру. Пайғамбарымыз (ﷺ) заманынан бастап, алғашқы үш буын: сахабалар, табиғиндер, таба-табиғиндер, пайғамбар (с.а.с) ақидасының тізбегіндегі барлық ғұламалар Құрандағы «истәуә» сөзіне «Құранда Алла нені мақсат қылған болса, солай иман келтіреміз» деп шектелген. Қазіргі таңдағы бидғат сенімнің көрінісі. Ибн Баз «Шарх Ақидатул-Уасатия», Салих Ибн Абдул-Азиз Фаузан «Шарх Ақидатул -Уасатия» кітаптары бойынша түсіндіру.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.