Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және сауықтыру жұмыстарының бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысындағы «Aqniet» ҚҚ өкілдігінің теолог-маманы Данаева Назгүл Медерқызы және Нұржан Стамбакиевтың «Ханбали мазхабы бойынша намаз оқу үлгісінің «сәләфи» бағытынан айырмашылығы» тақырыптарында теологиялық дәрістер өткізді.
Жоспар:
1. «Ханбали мазхабының негізін салушы». Ахмед ибн Ханбал. Ол Бағдат қаласында дүниеге келген. Он бес жасынан бастап 816 жылға дейін көп кітап оқып, мұсылмандардың діни орталықтарында діни білімін шыңдады. Әбу Юсуф пен әш-Шағбии секілді көптеген ғалымдармен қарым- қатынас жасады.
2. «Ханбали мазхабы таралған қалалар». Ханбали мазхабы Бағдат, Мысыр, Сирия және Хижазаға жайылған. Қазіргі таңда ол Сауд Арабиясының ресми мазхабы саналады.
3. «Мазхаб ұстану». Мазхаб ұстану адасу емес, керісінше дініміздің негізгі қайнар көздеріне сүйенген дұрыс жолға түсу. Мазхабтардағы айырмашылықтар тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, біз өз мазхабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш мазхабты дұрыс деп білеміз. Тек біздің мазхаб дұрыс қалған үшеуі бұрыс деп айту адасушылық.
4. «Ханбали мазхабы бойынша намаз оқу үлгісінің «сәләфи» бағытынан айырмашылығын түсіндіру».
Кездесудің пайдасы.
1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.
2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.
3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.
4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.
5. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білуге дағдылану.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.