Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
Massaget.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облысы ҚАЖД қарасты ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеп жатырған діндар азаматтар арасында өткен «Менің өмірім» атты психологиялық тренингтің фоторепортажын жариялады. Тренингті «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог кеңесшісі Динара Руслановна Мухамбетова жүргізді.
Аталмыш іс-шара «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.
Біз аталған фоторепортаждың көшірмесін жарияладық
Маңғыстау облысы бойнша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында оқшауланған аймақтағы сотталғандармен «Менің өмірім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингті Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалдту орталығының психолог консултанты Мухаметова Динара Руслановна жүргізді.
Тренинг мақсаты: Сотталғандарға жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп білуге үйрету, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, өмірге деген көзқарастарын кеңейту.
Тренинг міндеттері: Олардың өзге адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну, өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу, өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу, белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру болды.
Тренинг барысында түрлі жаттығулар орындалып, бейне роликтер көрсетілді.