Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

Толеранттылық – ұлы құндылық

Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы, әртүрлі мәдениеттер тоғысқан ел. Дәл қазіргі таңда Қазақстанның кең әрі тыныштықтың туын желбіреткен қара шаңырағының астында 130-дан астам ұлт өкілдері мемлекетіміздің ұлттар арасындағы достықты, діндер арасындағы түсіністікті жүзеге асыруының нәтижесінде тыныш та бейбіт өмір сүруде.
Бүгінгі Қазақстан – ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған үш мыңға жуық діни бірлестіктің отаны. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында өз ұстанымының өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.