Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Agniet» ҚҚ психологы діндегі фанатизмнің қауіптілігін түсіндірді

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Маңғыстау облысындағы өкілдігінің психолог-консультанты Мухамбетова Динара Русланқызы «ГМ-172/10 мекемесі» РММ-де сотталған діндарларға арналған «Ислам дініндегі фанатизм» тақырыбында психологиялық тренингін өткізді.

Елімізде қазіргі таңда фанатизмнің екі түрі байқалып отыр:
1. Қазақтың сал-дәстүрі мен дінді ажырата алмай, шаманизм мен тотемизмнен қалған әдеттерді орындай жүру
2. Дәстүрімізді шетке ысырып тастап, ағымдар насихаттаған діни үкімдермен қарым-қатынас жасап өмір сүру Қазақстандағы діни фанатизм Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», - делінген.

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекет тіректерінің бірі - рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңдысолды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Дінге шектеу жоқ екен деп елімізде діни фанаттар әсерінен әр түрлі дәстүрлі емес ағымдар көбейе түсуде. Әрине бұның барлығы ел болашағын алаңдатарлық ағдай. Себебі, діни фанатизм әсерінен пайда болған ағымдар және діни фанаттардың халыққа тигізер қауіп - қатері зор.

Қазақ халқы дінге деген байыпты ұстанымымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанған жолымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып, сабақтасқан. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Ал бұл күндері өз идеяларын абсолютті ақиқат ретінде санаушы дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен діни негіздегі бөлінушілік көбейе түсті.

Деструктивті топтардың кері бағыттағы идеялары әсерінен Қазақстанның діни алаңында фанаттар қатары пайда болды. Қазақстан діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақ жері көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Ұстазыма немесе пәлен адамға тіл тигізді деп діни фанаттық әрекетке барған дұрыс емес. Негізінде діни фанатизм, діни экстремизмге ал ол болса діни терроризмге жол ашады. Әрине бұның соңы жақсылыққа алып бармайды. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 Стратегиясы» бағдарламасында «Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек.

Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын Ханафи мазһабына қарама-қайшы» деп, радикализм мен экстремизм туралы сөз қозғаған. Ғасырлар бойы қанымызға ана сүтімен сіңген дәстүрлі дініміз бен сенімімізді соңғы уақытта фанатизм арқылы бұрмалап, ел тыныштығын бұзуға бет алған топтардың пайда болуы қоғамды алаңдатарлық жағдай. Экстремизм мен терроризмге әкеліп тірейтін діни фанатизм бейбіт өмір сүріп жатқан халыққа, қоғамға өз қаупін тигізбей қомайды.

Ислам дінін дұрыс түсінбеушілік мәселесі діни фанатизмге алып келуде. Мысалы, егер діни білімнің және тәжірибенің толық жоқтығы өзімшілдің және аморальдық сияқты экстремизмнің бір түріне әкеліп соқтырса, ал жартылай, үзінді діни білім қарама-қарсы нәтижеге агрессивтік радикализмге әкеледі. Дәстүрлі емес исламға жат ағымдардан туатын үлкен бір мәселе ол Ислам дінін жартылай және қате түсініп, өздерін ұстаз сымақ санаған адамдардың айтқанына еріп, психологиялық тұрғыдан өз өмірлерін қиюға дайындығы. Сириядағы соғысқа бала-шағаларымен аттанған қандас бауырларымыз осы ағымдардың ықпалына түскендігін атап өткен жөн. Діни фанатизмнің нәжтижесінде пайда болған деструктивті ағымдар қазіргі таңда қоғам арасына іріткі салып, бейбіт халыққа қауіп төндіруде. Еліміздегі ислам дінін дұрыс түсінбей діни фанатизмге ұшыраған жат ағым адамдар халыққа қандай қауіп-қатер тигізуде?

Аталған ағымдардың елімізге қауіп тигізіп отырған негізгі идеялары мен мақсаттары:
1. Қазақстанда Халифат құру мақсатында және барлық заңдарға «Шариғаттың» басшылық етуі үшін, мемлекеттік құрылымды жою Қазақ халқының дәстүрлі дінін және салт-дәстүрлерін жоққа шығару.
2. Халық арасында діни алауыздық тудыру.
3. Діни фанатизмді ұстанғандықтан болған себебінен отбасы мүшелері арасында келіспеушіліктер тудыру.
4. Бейбіт халықтың арасына іріткі салу және заманауи өмір салтын құптамау Діни экстремизм мен терроризм – мәдениет пен өркениеттің құлдырауына әкеп соғады. Бүгінгі экстремизм мен терроризм діни фанатизмнен туындап отырғаны белгілі.
5. Діни фанат - мемлекеттік саясатқа, жалпы зайырлы қоғамдық пікірге іргелі түрде қарсы келіп отырады. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды түбегейлі мойындамайды, тіпті қарсы шығып, «жойып» жіберуге де дайын тұрады. Өз кезегінде, діни фанатизмнің елімізде қалыптасқан бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіру қауіпі зор. Теріс діни ағым өкілдері аңсағандай біз ислам дінін ұстанатын теократиялық мемлекет бола алмаймыз. Көпэтносты және көпконфессиялы елде тұрақтылықты сақтау үшін зайырлылықты мәңгілік ту етуіміз қажет.

«ДІНИ ФАНАТИЗМ - АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРАТЫН ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС»

Қорытындылай келсем, діни фанатизм тек біздің еліміз үшін ғана қауіпті құбылыс емес. Дін фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі әбден мүмкін. Ал діни фанатизмге жеткізетін ол сол азаматтың діни сауаттылығының жетіспеушілігі нәтижесі. Менің ойымша, егер діни жат ағымдардың пайда болуына діни фанатизм әсер етсе, ал діни фанатизмге болса адам баласының діни дүмшелігі, яғни діни сауатсыздығы себеп болып отыр. Бұдан шығатын қорытынды дін ұстанушылар сол дін туралы сауатты білім ала білу керек. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан, дінге шектеу жоқ. Сол себепті де қазіргі жастарымыздың жат ағымға түсіп кеетпеуі мақсатында елімізде көптеген шаралар жүргізіліп жатыр.

Бірақ не дегенімен де, бұның бәрі әр адамның өз санасына байланысты. Әрбір азамттың діни сауаттылы жеткілікті болса, әр бір істі ой елегінен өткізіп жасаса еліміз тыншы, жұртымыз аман болады деген ойдамын. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.