Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«AQNIET» ҚҚ психологы сотталғандарға «Уақытты басқару - өз әрекетіңді реттеу жолы» тақырыбында тренинг өткізді

«Өңірлерде деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушылармен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігінің психолог-консультанты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «ЗК-169/5 мекемесі» РММ-де сотталған діндарларға арналған «Уақытты басқару - өз әрекетіңді реттеу жолы» тақырыбында психологиялық тренингін өткізді.

 

Уақытты басқару - арнайы тиімділік пен өнімділікті арттыратын, нақты іс-әрекетке жұмсалатын уақытты саналы бақылаудағы жаттығу үдерісі немесе әрекет. Уақытты басқару - өзін-өзі ұйымдастыру және басқару.

 

Уақытты жоғалту:

1. Мақсаттың нақты еместігі.

2. Әрекетті дұрыс ұйымдастырмау.

3. «Жоқ» деген сөз айта алмау.

4. Әр түрлі үзілістер

5. Күйзеліс.

 

Уақытты басқару құралдарының бірі  Парето принципі. 80/20 ережесінің мәні - ауыр жұмыстың 20% - ы 80% нәтиже береді. Сондықтан осы 20% уақытты тиімді пайдалануға назар аудару керек. Ең маңызды тапсырмаларды анықтап, келесі бес қадамды орындау қажет:

 

- күткен нәтиже туралы ойлану;

- оны әрекетті орындау үшін қажетті тапсырмаларға бөлу, яғни жоспар құру;

- тапсырмаларды толығымен орындау;

- келесі маңызды әрекетті анықтау және орындау;

- қажетті нәтиже алғанға дейін қайталау.

 

Тиімділікті арттыру үшін қандай да бір әрекеттер тізіміндегі барлық тапсырмаларға 80/20 ережесін қолдану қажет.