Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» теологы Маңғыстау облысы бойынша ТЖД қызметкерлеріне дәріс оқыды

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Маңғыстау облысындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Төлепов Азамат Нұғманұлы Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін «Радикалды діни көзқарастың қатері» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барсында «діни радикализм» сөз тіркесі әлі де күн тәртібінен түспей тұрғаны айтылды. Соңғы жылдары еліміздегі діни ахуал тұрақталып, бір қалыпқа келгенімен, деструктивті діни идеологиялар таралып жатқан жоқ деп айтуға ертерек. Өйткені, теріс ағымды насихаттаушылар бұрынғыдай көзге түсіп көшеде әрекет етпесе де, заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттырған. Діни радикалдану - қоғам мен дәстүрден, ғылым-білім және мәдениет, өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс.
Діни радикалдардың негізгі белгілері:
- Қазақ халқының ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын теріске шығару;
- Діни көзқарастарына сай келмейтіндерді адасқандықпен кінәлау;
- Зайырлы-демократиялық билік жүйесіне ашық немесе жасырын түрде қарсы шығу;
- Зайырлы елді - кәпір елі деп түсіну;
- Өзге дін өкілдеріне төзімсіздік таныту;
- Дін жолын толық ұстанбайтын мұсылмандарды дінсіздікпен айыптау.
Жалпы адам жат ағымға еріп кетпеуі үшін отбасынан және әр адам өзінен бастау керек. Дәлірек айтқанда, баланың бойына деструктивті идеологияға қарсы иммунитет сол жерде егілмесе, ертеңгі күні ол теріс пиғылдылардың сойылын соғып кетпесіне кепіл жоқ. Алдымен ата-ананың діни сауатты болғаны дұрыс. Сондай-ақ, халық арасында, оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және т.б. салаларда алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізе беруіміз қажет.
Ел тұрғындары жат ағымның не екенін, олардың зияны, экстремистік және террористік топтарға алып баратын жолдары қандай екенін білуі, теріс идеологияның ықпалынан сақтану үшін діни сауатты болуы тиіс. Жалпы «терроризм» деген ұғымды екі бөліп қарастыру керек. Біріншісі, физикалық тұрғыда жасалатын терроризм. Оны баршамыз жақсы білеміз: қарумен, күшпен, бомба жарумен болатын қылмыстар.
Ал екіншісі, одан да қауіптірек санаға жасалатын терроризм. Ол - жастардың миларын улап, аталған физикалық терроризмді жасауға дайындап жатқан деструктивті идеология. Осы ретте дін саласының мамандары ең алдымен осы теріс идеологияның алдын алу үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі аса маңызға ие. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.