Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ психологы коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша тренинг өткізді

«Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Маңғыстау облысындағы өкілдігінің психолог-консультанты Мухамбетова Динара Руслановна «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «ГМ-172/10 мекемесі» РММ-де сотталған діндарлар үшін «Коммуникативті процестер, ақпаратты қабылдау, негізгі аспектілері» психологиялық тренингін өткізді.

Кездесу барысында сотталушыларға бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап, т.б. әдістер қолданыла отырып түсіндірмелі кездесу өтті. Кездесудің мақсаты-сыни тұрғыда ойлау жүйесіне оңтайлы түсінік қалыптастыру. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.