Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Қызылорда облысындағы өкілдігінің психолог-консультанты Аяғанова Алмагүл Жанділдайқызы Қызылорда қаласының «Нұр» мешітінде «Заманауи әйелдің психологиялық сауаттылығы- қауіпсіздік пен келісім кепілі!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Психологиялық сауаттылық дегеніміз не? Психологиялық сауаттылық-бұл ең алдымен психологиялық төзімділік. Психологиялық сауаттылық-бұл әлемнің жағымды көрінісі және эмоциялық сау сенімдер, олардың әсерінен адамның жеке өсуі жүреді. Психологиялық сауаттылық-бұл қарым-қатынаста туындайтын қиындықтарды сындарлы түрде шешу немесе қиын жағдайларды жақсарту және қалыпқа келтіру мүмкіндігі. Психологиялық сауаттылық-бұл жалпы өмірге ұтымды және жүйелі көзқарас. Біреуді немесе бір нәрсені идеализацияламай өмірлік процестердің шындығымен санасу мүмкіндігі. Психологиялық қауіпсіздік мәні.
Қазіргі уақытта адамның психологиялық қауіпсіздігі және оны қамтамасыз ету мәселесі ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Себебі-адамға әсер ететін бірқатар түрлі қауіптер. Мұндай сыртқы қауіптерге соғыстар, террористік актілер, техногендік және табиғи апаттар, ұлтаралық және діни қақтығыстар, биліктің белсенді қарсылығына әкелетін адамдардың өмір сүру жағдайларына қанағаттанбау жатады.
Ішкі қауіптер-қазіргі адамның стреске, әртүрлі психологиялық әсерлерге қатты бейімділігі; адамның өмірінде толыққанды жанды қарым-қатынастың болмауы, ол көбінесе виртуалды қарым-қатынасқа ауыстырылады. Бұл адамның басқалардың іс-әрекеттерін объективті бағалауға қабілетсіздігіне әкеледі.
Психологиялық қауіпсіздік-бұл психиканың қауіпсіздігі, адамның тұтастығы, психикалық денсаулық пен руханилықты қорғау. Өзіңізді жағымсыз факторлардан қорғау үшін, біреудің ықпалына түспеу үшін адам өзін-өзі реттеу, эмоциялық тепе-теңдік, жұмыс қабілеттілігі, стресске төзімділік, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі ұйымдастыру, жағдайды барабар бағалау, сыншылдық және басқалар сияқты жеке қасиеттерге ие болуы керек. Келісім- шиеленістерді шешу жолы!
Өмір шиеленістерге толы. Осы шиеленістер әрбір адамның өмір аймағында әртүрлі қауіп-қатерлерді туындатары сөзсіз. Сондықтан шиеністер дағдарыстарға ұштаспау үшін келісімге келе білу маңызды. Келісім-бір ойға тоғысу, ортақ көзқарас,түсінісу, ынтымақтастық, бейбіт, достық қатынастар, бірауыздылық. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.