Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ теологы «Жусан» репатрианттарымен кездесті

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде елге оралған азаматшалармен «Хадису жария ақидада дәлел бола ала ма?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.

«Мәзһаб дегеніміз не?». Мәзһаб - жол, мектеп, бағыт, көзқарас деген мағыналарды білдіреді. Шариғат тұрғысынан алғанда, арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығын мәзһаб деп атайды. Мұсылмандар өміріндегі намаз, ораза, зекет, қажылық сынды діни іс-амалдардың барлығы мазһаб ғұламалары анықтаған үкімдерге сай атқарылады.

«Мәзһабтың неше түрі бар».
- Ханафи мәзһабы негізін салушы - имам Ағзам Әбу Ханифа. Үндістан, Пәкістан, Ауғаныстан түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан жұртына кеңінен тараған;

- Мәлики мәзһабы негізін салушы - Мәлик ибн Анас. Мәдина қаласында пайда болып, Араб елдеріне, Мысырға, Солтүстік Африка мен Андулусияға дейін жайылған;

- Шафиғи мәзһабы негізін салушы - Мұхаммад ибн Идрис әш Шафиғи. Мысырда, Малайзия, Индонезия және Кавказдың кейбір бөлігінде кең таралған;

- Ханбали мәзһабы негізін салушы - Ахмел ибн Ханбал. Бағдат, Мысыр, Сирия және Хижаза елдерінде жайылған.

Кездесудің пайдасы.
1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.

2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.

4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.

5. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білуге дағдылану.

Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп, топаралық пікірталас орын алды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын «Aqniet» АНОО» ҚҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен іске асыруда.