Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ теологы діни экстремизмнің қауіптері туралы дәрістер топтамасымен сөз сөйледі

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Алматы қаласындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Тұрапбай Марат Нұрғалиұлы Көкшетау және Ақкөл қалаларындағы мешіттердің тұрғындары, студенттері мен жамағаты үшін «Интернет кеңістігінде деструктивті діни ағымының таралуынын алдын-алу», «Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылыктарды, ұлттық, дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Деструктивті жалған діни ұйымдардың қаупі» атты дәрістер топтамасымен сөз сөйледі. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын «Ақниет» АНОО» ҚҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен іске асыруда.