Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Батыс Қазақстан облысындағы «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Данаева Назгүл Медерқызы Орал қаласында дін сенушілер әйелдерге арналған «Асыл тәжім» тақырыбында семинар өткізді.
Орамал мұсылман әйелдерге Жаратқанның тарту еткен ең керемет сыйлықтарының бірі. Қазіргі қоғамда орамалға қатысты түрлі ой пікірлер қозғалып жүр. Алайда қасиетті Құранда орамалдың парыз екені туралы көптеген дәлелді хадистер келтірілген. Орамал - адамның емес, Алланың бізге берген тәжі.
Шараның негізгі мақсаты болған ұлтымыздың рухани құндылықтары насихатталып, қыз келіншектерге орамалдың қадір-қасиеті дәріптеліп, киелі кимешектің шығу тарихы баяндалды. Кимешек – ислам шариғатына сай, қазақ әйелдерінің ұятты жерлерін жауып тұратын ұлттық бас киімі. Мұсылмандықты берік ұстанған текті бабаларымыз дініміздегі сүннетке сай әрі дәстүрімізді айшықтайтын әдемі, оған қоса байсалды киім үлгілерін киген. Сондай ізгілікті бойымызға сіңіріп, келешек ұрпаққа өнеге ету алдымыздағы аманат болмақ.
Осыны өзіне міндет санаған жамағат бүгінгі шараға белсене қатынасты. Облыс көлемінде тігіншілер арасында ұлттық киім үлгілерінен сайыс оздырылды. Қазақтың қыз баласы, әйел затына әсем әр беретін, шариғаттың талабына сай ұлттық нағыштағы киім үлгілері озық деп танылды.
Шараға өздерінің қолынан шыққан дүниелерін ұсынған бармағынан бал тамған қолөнер шеберлері мен шариғи талапқа сай ұлттық нақыштағы сәнді киімдерін дайындаған тігінші ханымдарымызға ерекше алғыс білдіреміз.
Қолөнер жәрмеңкесі және ұлттық тағамдардан фуршет жасалды. Салт-дәстүрден викторина қойылып, жеңімпаздарға сыйлық берілді. Келушілер арасынан да «Үздік бейне» анықталып, сыйлығымыз табысталды.
Орамал - нәзік жандылардың асқақтығының, құндылығының көрінісі екендігі дәріптелді. Сондай ақ ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, ата-бабаларымыздың да діннен мақұрым қалмағандығын байқадық. Себебі дәретсіз емізбеген аналарымыз басынан ақ жаулығында тастамаған.
Қызға тән қарапайымдылық, ұят, иба иманның тірегі екенін айта отырып, етек-жеңдерін ұзын ұстаған. Абай атамыз: «Әйел адам - гүлмен тең» деген. Әдемі гүлді әркім үзгісі келеді. Сол себепті қыз баласы өзін лайықты киіммен қорғауы керек. Тіпті біз өмір сүріп жатқан әлемнің өзі жамылғыда! Жаңа піскен жемістердің де қабығы болады. Қабығы жоқ алма тез шіруге бейім келеді. Ең құнды кітаптың да қалың мұқабасы бар. Осы қарапайым нәрселерден ақ біраз ғибрат аларымыз сөзсіз! Әлемдегі ең әдемі әйел - Алла разылығы үшін оранған әйел. Көкірегі ояу, көзі ашық жастарымыздың көп болуы үшін осындай мән мағынаға толы рухани шараларымыз жалғасын таба берсін!
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен «AQNIET» АНОО» ҚҚ іске асыруда.