Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ теологы сенушілерге Әбу Ханифаның ілімдері туралы айтты

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Маңғыстау облысындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Төлепов Азамат Нұғманұлы діндарлар үшін «Ханафи мазхабының қалыптасу кезеңі» тақырыбында теологиялық сабақ өткізді.

 

Мұхаммед пайғамбарға берілмеген кітаптарға, Құранның аудармасына немесе араб тіліндегі басқа сөздермен түсіндірілген түріне, хадистерге Құран деп айтылмайды. Жалпы Әбу Ханифаның Құранның мәніне қатысты көзқарастарын екіге бөліп қарастыруға болады.Алайда бұл көзқарастың расында Әбу Ханифанікі ме жоқпа, бұл жағы тікелей оның өз аузынан айтылмаған.

 

Әбу Ханифаның бұл туралы айтқандарының қорытындысы мынау: «Алланың кәлам (сөз) сипаты бар және бұл сипаты оның басқа сипаттары секілді оның болмысының ажырамас бірлігі, онымен бірге мәңгі болып табылады. Құран оның осы мәңгілік сипаты. Құран деп жазғанымыз, сөйлегеніміз және жаттаған нәрселеріміз, тіпті оның арабша болуы жаратылған және Құран-Кәрімді көрсететін дәлелдер болып саналады».

 

Әбу Ханифа, Құран-Кәрімнің жаратылмағанын оның арабша болуының жаратылғанын ұстанады. Ханафилердің хадис және сүннетке қатысты көзқарастарының ерекшелігіИслам тарихында Хадис пен Сунна төңірегінде пайда болған талас-тартыстар кейбіреулердің бұл қайнар көздерге күдікпен қарауына себеп болған. Мәселеге қатысты дау пікірталастардың маңызды бір бөлігі хабарлардың Хз. Мұхаммедке қатыстылығына байланысты болса, келесі бір бөлігі суннаны түсіну мен оны тәжірибеде қолдануға қатысты болған. Әбу Ханифаның хадис-сүннет туралы пайымдарын үш бөлімде қарастыруға болады:

 

1. Әбу Ханифаның Хз. Мұхаммед пайғамбардың сөз және іс-әрекеттеріне деген ұстанымы немесе сүннетті дәлел ретінде өз әдісінде қолдануы.

 

2. Деректерді (хадис) сенімдік және фықһ (құқықтық) ұстанымдары негізінде түсіндірме жасауы, таңдауы.

 

3. Деректерді мазмұнына қарап сынға алуы. 

 

Сахабалар пікіріСахабалар Мұхаммед пайғамбардың () көзін көріп, одан тәлім-тәрбие алғандықтан және Пайғамбардың () өзі оларды мақтап, солардың жолымен жүруді өсиет еткендіктен, сахабалардың шығарған үкімдері, Әбу Ханифаның пікірінше, шарғи дәлел болады. Сондықтан имам Ағзам бір мәселеге қатысты сахабаның пәтуасы бар болса, өзі ижтиһад жасамай, сол сахабаның пәтуасымен үкім шығаратын болған.

 

ИжмаБір ғасырда өмір сүрген ғұламалардың бір мәселеге қатысты бірауыздан берген үкімі «ижмағ» деп аталады. Ол - Құран Кәрім мен хадистен кейінгі шарғи дәлел. Ижмағтың ең күштісі - сахабалардың ижмағы. Ижмағ мұсылман ғалымдарының бір мәселеге қатысты ортақ пікірі болғандықтан, қарапайым адамдардың бірауызды пікірі мәселені шешуде шарғи дәлел бола алмайды. Бірақ шариғатта көпшілікпен болу, жамағаттан бөлінбеу өсиет етілген.

 

ҚиясҚияс - үкімі жоқ нәрсені үкімі бар нәрсемен екеуіне ортақ себепке байланысты салыстырып, үкімі жоқ нәрсеге үкім шығару. Ол - Құраннан, сүннеттен және ижмағтан кейінгі орында тұратын шарғи дәлел. Әбу Ханифа қиясты шарғи дәлел ретінде көп қолданған.

 

Мысалы, Құранда, Мұхаммед пайғамбардың () хадистерінде шарапқа тыйым салынған. Себебі шарап адамды есінен айырады. Ал есірткі туралы аят-хадистерде айтылмаған. Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамды мас қылатын барлық нәрсеге тыйым салғандығын және есірткінің де адамды есінен айыратындығын ескеріп, ғалымдар есірткіні шарапқа қияс жасап, оны да харам деп үкім шығарған.

 

Истихсан«Истихсан» сөзі араб тілінде «бір нәрсені жақсы деп есептеу» деген мағынаны береді. Ал шариғатта мужтаһид  ғалымның бір мәселеде арнайы (жеке) дәлелге сүйене отырып, соған ұқсас мәселелерге берген үкімінен басқа үкім шығаруы. Негізі, ғұламалар «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды және сендерге ауырлық қаламайды» деген аятқа сүйеніп, кейде мұсылмандарға ауыр тиетін болса, көзге анық көрініп тұрған қиястың орнына жасырын тұрған, байқала бермейтін дәлелге сүйеніп, истихсанмен амал жасайтын болған.

 

Әдет-ғұрыпШариғи дәлел жоқ кезде, адамдар арасында жалпы таралған әдет-ғұрып та шарғи дәлел болады. Сауда-саттық тәрізді адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдет-ғұрып үлкен орынға ие. Егер адамдар арасында таралып кеткен әдет-ғұрып Құранға, сүннетке, ижмағ немесе басқа да шариғат дәлелдеріне қарсы келетін болса, ол әдет-ғұрыпқа сәйкес амал жасалмайды.

 

Әбу Ханифа өзінің үкім шығару тәсілін былай түсіндіреді: «Ең бірінші Құраннан үкім көрсем соны аламын. Құраннан таппасам Пайғамбардың хадистері мен сүннеттеріне қараймын. Пайғамбардың сүннеттерінен таппасам, сахабалармен бірлесе отырып ортақ келісімдермен шығарған үкімдерін аламын. Олардың арасында тартыс болған немесе біреулері келісіп, олардың арасынан жөн көргенімді қабылдап, жөн көрмегендерімді теріске шығарамын».

 

Әбу Ханифаға телінген ақидаға қатысты негізгі кітаптары:

1) әл-Фиқһул-әкбар. Көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша, бұл Әбу Ханифаның өзіне тән еңбек ретінде саналғанымен, кейбір тақырыптардың оған кейіннен қосылғандығын айтқандар да бар. 

 

2) әл-Фиқһул-әбсат. әл-Фиқһул-әкбар қарапайым тілмен, ал бұл шығарма әдеби, көркем тілде жазылған.

 

3) әр-Рисәлә. Бұл Әбу Ханифаның басралық ғалым Осман әл-Баттиге (қ. Һ. 143 ж.) өзін (Әбу Ханифаны) мүржия деп кіналаушылардың бар екенін, оған қарата «адасушылықтағы мүмин» сөзі қолданылғандығын, мұның өзіне ауыр тигенін айтқан пікірлеріне жазған жауабынан тұратын шығарма болып табылады. Бұл шығарманың Әбу Ханифаға тиесілі екендігін ғылымдардың барлығы бірауыздан мойындайды. Әбу Ханифаның өз қолымен жазған жалғыз шығармасы осы. Қалған шығармаларын ол шәкірттеріне ауызша айту арқылы жаздырған.

 

4) әл-Уасия. Имам Ағзамның баласы Хаммадқа, шәкірті Әбу Юсуфқа және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти мен достарына арнап жазған өсиеттері бар. Бұл шығармалар көбіне әдептілік қағидаларын қамтыған. Бұл шығармада иман-амал, истуаның дәлелі, Құранның жаратылып-жаратылмағандығы, құлдардың іс-амалдары, қабір әлемі, кітаптарға иман, ақыретте Аллаһ тағаланы көру, шапағат мәселелері орын алған.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.