Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ өкілдері «Жусан» репатрианттарымен діни және психологиялық тренинг өткізді

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ҚҚ Батыс Қазақстан бойынша өкілдігінің теолог-консультанты Данаева Назгүл және «Aqniet» ҚҚ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің психолог-кеңесшісі Мухамбетова Динара «Жусан» репатрианттары үшін теологиялық дәріс пен психологиялық тренинг өткізді. Шара on-line режимінде жүргізілді. Теологиялық дәріс «Пайғамбар (ﷺ) ақидасындағы «Истауа» мәселесі» тақырыбында өтті.

 

«Ибн Таймияның ақидасы бойынша, Мұхаммад Ибн Абдул-Уаһһаб өзінің шархында Алланың жалғыздығын зерттейтін ілім таухидті үшке бөліп қарастырады».

 

1) Ар-Рубубия - Алланың бар екеніне және жалғыздығына иман келтіру;

 

2) Әл-Улуһия - құлшылық ғибадат мәселелері, құлшылықты Аллаға жасау;

 

3) Асма-у-Сифат - Алла Тағаланың 99 көркем есім сипаттарына иман келтіру.

 

Пайғамбар (ﷺ) бөлмеген таухидті үшке, екіге, төртке бөлудің өзі сенім мәселелеріне енгізілген жаңалық болып саналады. Себебі, тізбекпен жеткен Пайғамбар (ﷺ) сенімінде таухид үшке бөлінбейді. Алла Тағала жалғыз! Ал, Алла Тағаланы жалғыз және бөлінбейді дей тұра, оның жалғыздығын үшке бөлу мүмкін емес.

 

Алланы жалғыз деп, кейін жалғыздығын екіге, үшке, төртке бөлу ақиқаттан алыстауға алып кетуі мүмкін. «Иман дегеніміз - тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Матуриди мектебі бойынша Ақида ілімін үш тақырып қамтиды. Олар: иләһият, нубуат, самғиат.

 

Иләһият - Алланың жалғыздығына иман;

Нубуат - Пайғамбарларына иман;

Самғиат - Ақырет ілімдері, яғни ғайып әлеміне иман.

 

- «Иман дегеніміз - тілмен айтып, жүрекпен бекіту;

 

- Иләһият - Алланың жалғыздығына иман;

 

- Нубуат - Пайғамбарларына иман;

 

- Самғиат - Ақырет ілімдері, яғни ғайып әлеміне иман.

 

- Пайғамбар (ﷺ) бөлмеген таухидті үшке, екіге, төртке бөлудің өзі сенім мәселелеріне енгізілген жаңалық болып саналады. Себебі, тізбекпен жеткен Пайғамбар (с.а.с) сенімінде таухид үшке бөлінбейді

 

Кездесудің пайдасы

 

1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.

 

2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.

 

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді. Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.

 

4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.

 

5. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтей білуге дағдылану.

 

Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп, топаралық пікірталас орын алды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.