Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«AQNIET» ҚҚ өкілдері колледж студенттерімен кездесті

«AQNIET» ҚҚ Жезқазған қаласы өкілдігінің жетекшісі Сақан Дастан Дарханұлы және теолог маманы Даулетбаев Думан Хамитович Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжі студенттерімен топтық кездесу өткізіп, «Дәстүрлі дін мен жат ағым», «Зайырлылық - тұрақтылық кепілі» тақырыптары аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу басында теолог маман Думан Хамитович тыңдаушыларға «Дәстүрлі дін» ұғымын кеңінен түсіндіріп, жат ағымдар мен дәстүрлі діни бағыттың негізгі айырмашылықтарына тоқталып өтті. Қазақ-ежелден мұсылман халық. Ислам діні мен қауышқанына он екі ғасырдан асты. Сол замандардан бастап ұлттық сана-сезімі,салт-дәстүрі,мәдениеті мен әдебиеті асыл дініміздің құндылықтары мен бірге дамыды. Баланың дүниге келіп құлағына азан айтып ат қоюынан бастап, дүниеден озған адамға жаназа оқуға дейінгі нарселердің баршасын Исламнан шариғаттан алып бізге дәстүрмен жеткізіп отырған. Шариғаттан алатын дүниелер үлкендерді құрметтеу, ата-анаға қарсы келмеу, басшыға бағыну,көршіге қарайласу жетімді тамақтандыру осындай игі істердің баршасын дәстүрмен сабақтастырған. Осы мұраларымызды көздің қарашығындай қорғап,кәдеге асырған жағдайда ғана ұлттық болмысымызды сақтап қаларымыз анық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған бағыты да ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан діни дәстүрлерімізді жаңғырту,елдің рухани құндылықтарының қайта түленуіне мұрындық болу болып табылады.

Сондай-ақ, Дастан Дарханұлы студенттерге «Зайырлық» түсінігі турасында тоқталып, аталмыш ұғымның егеменді еліміз үшін алатын орны мен маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттің Атазаңымен бекітілген зайырлылық сипаты – оның іргетасы, мемлекеттің ерекше сипаты. Зайырлылық қағидаты – азаматтардың дүниетанымында, көзқарасы мен діни ұстанымында, күнделікті өмірінде ерекше орын алатын құбылыс. Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.Кездесу соңында студенттер мен ұстаздар мамандарға әртүрлі діни тақырыптардағы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шараға жалпы 85 студент қатысты.