Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ өкілі «Төтенше жағдайлар департаменті» жұмыскерлерімен кездесті

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде «Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Тулегенов Дулат Рашидович және «Aqniet» ҚҚ Жезқазған қаласындағы өкілдігінің жетекшісі Сақан Дастан Дарханұлы «Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» жұмыскерлерімен топтық кездесу өткізіп, «Дәстүрлі дін мен жат ағым», «Зайырлылық - тұрақтылық кепілі» тақырыптары аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Дастан Дарханұлы тыңдаушыларға жат діни ағымдарды дәстүрлі діни бағыттан ажырату жолдарын атап өтіп, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны турасында түсіндіріп өтті.

 

Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзып, НЛП яғни нейро-линвиствкалық бағдарламалау тәсілін, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зиянын тигізетін ағымдар. Оларға мүше болған адамдар әлеуметтік ортадан оқшауланып, сол діни топтың уағызшыларына көзсіз бағынатын болады. Және де қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, өнер мен мәдениетті жоятын қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивті ағымдарда жасырын психологиялық зорлық-зомбылық қолданылады. Барлық деструктивті діни ағымдардың түпкілікті максаты - адамдарды бағындыру арқылы заңсыз байлық пен билікке кол жеткізу.

 

Кейде дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің, деструктивті культтердің арасындағы нақты айырмашылықты көрсету қиынға түседі. Сол себепті қоғамға қауіп төндіруі ықтимал ұйымдардың негізгі белгілерін анықтауға тырысамыз. Сонымен, деструктивті культтерге келесі сипаттамалар тән:

 

1. Харизмалық көшбасшының болуы. Көптеген культтер харизмалық көшбасшылардың, яғни көпшіліктің арасынан ерекшеленетін және басқаларға әсер ете алатын айрықша қасиеттерге, харизмаға (грек. сһагізта - қабілет, талап) ие тұлғалардың айналасында жинақталады. Мұндай адамдар көбінесе өздерін Құдайдың атынан сөйлеуге және басқаларды өмір сүру ережелеріне үйретуге құқылы деп есептейді.

 

2. Жабықтық және қоғамға қарсы тұру. Көбінде мұндай культтер ерекше қауым, үлкен отбасы сияқты қалыптасады. Мұндай «отбасылардағы» ережелер өзгеше. Культтің жақтаушылары ортақ қауым мүддесі үшін өздерінің пәтерлерінен, көліктерінен және басқа да мүліктерінен айырылып жатады.

 

3. Жат ағымдарға мүше болып кірген адамдардың  өмірлеріне бақылау жасайды. Өйткені деструктивті ағымдардың барлығы да өздерінің жаңа мүшелерін қатаң бақылауға алу тән. Ұйымның уағыздары мен көшбасшыларына деген сыни қатынасқа жол берілмейді. Жақтаушылардың отбасынан, қоғамнан оқшаулануы сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Егер туысқандары, жақындары онымен санасқысы келмесе, олармен барлық қарым-қатынастарды үзуге итермелейді. Бұл көптеген отбасы институтының бұзылуына алып келеді. Мәселен намаз оқымағаны үшін немесе орамал тақпағаны үшін отбасын тастап кеткен адамдар туралы оқиғалар осының айғағы.

 

4. Манипуляцияларды қолдану. Секта мүшелеріне бақылау жасау олардың іс-әрекеттерін манипуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Кәдімгі сендіру күштері жетіспеген жағдайда топ көшбасшьшары гипноз, медитация, ұзақ уақыт ғибадат ету, бір фразаны бірнеше рет қайталау сияқты амалдарды пайдаланады. Сол өмірге психологиялық тәуелді етіп қояды. Мұндай қауымдардың мүшелерінің әрекеті тұрақты түрде белгілі бір практикаларды және психогехникаларды колданудың салдарынан бақылауға оңай беріледі.

 

5. Жақын арада ақыр заманның болуын күту. «Жаңа діндер» ілімінің маңызды ерекшелігі - ақиқат ақыр заманды күту, адам өмірін алдын-ала болжауды, тағдырға бағыныштылықты насихаттау болып табылады.

 

Кез келген деструктивтік діни ұйымы және оның жетекшілері өзінің қатарына жаңа адамдарды  тартуға ұмтылып, бірінші кезекте олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады.

 

Кездесу соңында тыңдаушылар мамандарға әртүрлі діни тақырыптардағы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын «Aqniet» АНОО» ҚҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен іске асыруда.