Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ өкілі жұмыс тәжірибесімен бөлісті

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы Шымкент қаласындағы Дін проблемаларын зерттеу орталығының теологтары үшін дерадикализация әдіснамасы туралы дәріс оқыды. Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдармен оңалту жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері кеңінен түсіндірілді. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.