Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ өкілі оқыту семинарының жұмысына қатысты

«Өңірлерде түсіндіру және сауықтыру жұмыстарының бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Қарағанды облысындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Тулегенов Дулат Рашидович Приозерск қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинарында сөз сөйледі.

 

Семинар барысында дін саласындағы ақпараттық топтардың қызметі, мақсаты бұқарамен байланыс мәселелері, өткізілетін іс-шаралардың тақырыптарын таңдау, АТТ мүшелері жұмысының жаңа әдістермен жаңғырту мәселелері, сондай-ақ дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің психологиялық және мазмұндық аспектілері талқыланды.

 

Қарағанды облысы бойынша «Aqniet» орталығы қоғамдық қоры өкілдігінің жетекшісі Д.Р.Тулегенов дін саласындағы заңнамалар мен құқықтық құралдарды халыққа тиімді және түсінікті тілде жеткізу, әсіресе қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік мәселелерін неғұрлым дәл және қарапайым түсіндіру идеясы маңызды екенін атады. Сондықтан, қазіргі қоғамның жаңа трендтерін ескере отырып, жастармен жұмыстың жаңа әдістері мен нысандарын үнемі жетілдіру қажеттілігі өткір мәселе болып отырғандығын сарапшы ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Д.Р. Тулегенов семинарға қатысушыларға «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорымен дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, олардың негізгі жұмысы туралы ақпарат берілді. «Аймақтарда деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларға түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай механизмдерін ұсыну» жобасының мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.