Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Aqniet» ҚҚ өкілі сенушілерге жалған салафизмнің негізгі белгілері туралы айтты

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Шымкент қаласындағы «Aqniet» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы «ИЧ-167/4 мекемесі» РММ-де сотталған сенушілерге арналған дәріс оқыды.

Псевдосәләфилік идеологияның шығу тарихы және белгілі бір қалыптасу кезеңі, өзіндік кескін келбеті мен бағыты бар. Тарихы, қалыптасу кезеңі, нақты көзқарас пен белгілі бір бағыты жоқ идеологияның құлдырап, ұзақ ғұмыр кешпейтіндігі айқын. Псевдосәләфилік идеология белгілі бір жүйемен жұмыс жүргізуінің арқасында әлемдік деңгейде таралып, жақтастарын көбейтіп отыр. Идеологияның өмір сүруіне қажетті жүйе, жоспар, қолдау механизмдері тынымсыз жүргізіп келеді.

1. ҚАТАРЛАРЫНА КІМДЕРДІ ТАРТАДЫ
А.Діни сауаты төмендер;
Ә.Жұмыссыздар;
Б.Жастар;
В.Күйзеліске түскен жандар;
Г.Әлеуметтік жағдайы төмен жандар;
Ғ.Туған-туыс, дос-жарандар;
Д.Отбасылық жағдай; Отбасы мүшесінің бірі, отағасы, анасы, баласының ықпалы.

2. АДАМДАРДЫ ТАРТУ ӘДІСТЕРІ
Ең алдымен адамдарды сендіріп, өздеріне баурап алатындай негіздемелері бар.

Олардың негізгілері мынадай:
А. «Сәләф»тің жолындамыз. Дінді сәләф, табиун, әтбаут-табиундар түсінгендей түсінеміз деп, жүрекке жылы тиіп, сезімге берілуге итермелейтін сөздерді қолданады. Мұның қатарына жұмаққа барамыз, біздің жолымыз ақиқат жолы, жұмаққа ешқандай сауал-жауапсыз кіреміз деген сөздер кіреді.

«Сәләф» сөзінің мағынасы:
«Сәләф» бұрынғылар, өткендер, алғашқылар деген мағыналарды береді. Яғни дінімізде сахабаларға, табиундарға (сахабаларды көрген ұрпақ) және әтбаут-табиундарға (Табиунды көрген ұрпақ) берілген есім. Дінімізде осы үш ұрпаққа “сәләф” немесе «сәләф-ус-салихин» деген термин қолданылады. Бұның мағынасы «Өткен салих адамдар» дегенді білдіреді. Сәләф-ус- салихин жолында жүрген мұсылмандар Әһли сүннет деп аталады.(http://islamdini.kz/articles/352).

Ә.Дәлел. Құран мен Суннадан дәлел болмайынша амал етпейміз.

Б. Таухид. (Сенім дұрыс болу керек). Алланы Құран мен Суннаға сай түрде тану керек. Ширкке қарсымыз, тағут мәселесі.

В. Бидғат жасамаймыз. Дінге кейіннен енгізілген амал-әрекеттерге қарсымыз дейді.

Г. Тақлид жасамаймыз. Белгілі бір мәзһаб имамдарының арқасынан еру фанатизмге жатады деп есептейді.

3.ҰСТАНЫМДАРЫНА БАЙЛАУДЫҢ ЖОЛЫ
А. Құран мен сүннет мәтіндеріне ой жүгіртпей тіке қабылдау. (Буквализм.) Аят пен хадистерге ой жүгіртіп, өз бетіңше көзқарас білдіріп талқылауға болмайды.

Ә. Кімнен білім алғаныңа қара; (Дін қайда келді? Мекке-Мадинаға арқа сүйеп пікірлерін өткізеді). Ғалымдардың тізбегі болуы керек. «Кімнен білім алғаныңа қара» деген негіз арқылы өзара жікке бөлінді.

а) Сурури сәләфи - (бұл топтың негізін қалаған Мұхаммед ас-Сурур Зейнул-Абидин (1958 ж.) заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығыстарға да барады.

ә) Мадхалит сәләфи - (Имам Рабия ибн-Мадхали (1932 ж.) еңбектерінің негізінде пайда болған) өздерін орта қалыпты үмбетке жатқызатындар, ақида мәселесінде өздерінің көзқарастарымен келіспейтін дәстүрлі сүннет-мұсылман шейхтарын және басқа дін өкілдерін (христиан, яһуди, будда) адасқандар деп есептейді.

б) Тәкфірші-жиһадшы сәләфи - «такфир» қозғалысының негізін салушы Мустафа Шукри (1942 ж.) нағыз радикалдарға жататындар, зорлық-зомбылық, конституциялық билікті құлатуға, қантөгіске, шақыратындар, Қазақстанды «кәпірстан» деп санайды.

В.Өзгені тыңдама; (Күмән салады).

Г.Алла үшін жақсы көру, Алла үшін жеккөру; (Әл-Уәла уәл-Бәра) Бұл негіз бөлінуге түрткі болады.

4.ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БЕЛГІЛЕРІ
А.Қоғамнан оқшаулану
Өздерін тура жолдамыз деп есептеу; (Біз ғана тура жолдамыз)
Біз сәләфтің жолындамыз, ақиқат бізде, дәлел т.б. адамның жүрегіне жақын сөздерді тиімді пайдалану арқылы жақтастарын көбейтеді. Осылайша қоғамнан оқшаулану процесі жүреді.

Ә.Өзгелерді кінәлау; (Тәкпірші, Бидғатшы яғни үкім шығару)
Екінші этапта өздерінің басқалардың барлығын кінәлау процесі жүреді. Бұл кезекте өздерінен басқалардың барлығын топтарға бөліп, қарым-қатынастарына мән бере бастайды. Мәселен, діндес бірақ өздерінің ұстанымдарымен келіспегендерді «бидғатшы» деп кінәлайды. Кінәлап қана қоймай, оларды жек көру дегенге дейін барады. Ал өзге діндегілерді кәпір деп кінәлап, тіпті олардың дүние-мүліктерін талан-таражға салуға болады деген пәтуа да шығарып алады.

Б.Бөліну; (Діни алауыздық)
Үшінші этапта, міндетті түрде бөлінушілік орын алады. Осының салдарынан діни алауыздық туындайды. Яғни талас-тартыс, кінәлау, қаралаудан кейін бөліну пайда болады.

В.Күштеп өзгертуге тырысу;
Бұл идеолгия күшейіп, қатарларының санын көбейткен сайын күш қолдануға барады. Өйткені «Үш негіз» кітабында өзіңнің сенген ақиқатыңа адамдарды шақыру принципі бар. Осылайша өздерінің ереже-қағидаларын күштеп енгізуге тырысады.

Г.Бүлік. (Терроризм)
Ал күш қолданудың соңы бүлікке, адам өліміне апарып соқтырады.

5.ЖИХАДҚА ҮНДЕУ
Псевдосәләфизмнің бағытының жемісі мынадай келеңсіздіктерге итермелеп, түрлі бүліктердің туындауына түрткі болады.
А. Шейх, көсем, пірлердің пәтуасы мен үндеуі;
Ә. Кәпір, бидғатшы, дінсіздерге қарсы күресу;
Б. Халифат жарияланған жерге көшу;
В.Алла жолында шахид болу;

Сондықтан да псевдосәләфизмнің адамдарды өздерінің қатарына тартып, идеологияларын таратудың жолдары да жан-жақты қарастырылған. Бұл қандайда бір қоғамның шырқын бұзып, мұсылмандардың арасына іріткі салуға арналған тамаша құрал. Псевдосәләфиліктің соңы құрдымға жетелеп, түбі жоқ тұңғиыққа түсіреді. Мұнда жарық емес, жар бар.

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Aqniet» АНОО» ҚҚ іске асыруда.