Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша теолог-консультанты Азамат Тулепов Нұғманұлы ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ПД мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлеріне «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Зайырлы мемлекет және дін, тарих, дәстүр» атты тақырыпта дәріс жүргізді.
Қазақстан зайырлы мемлекет болуына байланысты ресми түрде діндерге мейлінше бейтарап қарайды. Ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Конфессия аралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көп конфессиялық Қазақстан үшін қажет екендігін көрсету. Зайырлы мемлекет - діннің бөлінуі нәтижесінде пайда болған діни емес, азаматтық нормалар негізінде басқарылатын, мемлекеттік органдардың шешімдері діни негіздері болмайтын мемлекет.
Қазіргі кезде Қазақстанда дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселелер ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт - дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі көтерілетіндігі сөзсіз.
Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетiн басқа да дiндердi құрметтейтiнiн, конфессияаралық келiсiмнiң, дiни тағаттылықтың және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудiң маңыздылығын танитынын негiзге алады. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық жүйені демократияландыру үдерісі қоғам өмірінің діни саласын да қамтып, жаңа діни ахуалдың қалыптасуына алып келді. Жаппай атеизм және діни руханилықты жоққа шығару үдерісі конфессиялық жаңғырумен, діни сана-сезімнің мәмілегерлік пен сенімге негізделіп өзгеруімен алмасты.
Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы мемлекет. Мемлекеттік басқару жүйесі президенттік. Дін - қоғам, адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтарының бірі. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Қазақстан қоғамы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады.
Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни бірлестіктердің жұмысын қадағалау қажет.
Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты». «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.