Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» АНОО теологы жазасын өтеушілерге «Мұсылманның әдеп-этикасы» атты дәріс өткізді

Ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының Ақтөбе облысының өкілдігінің теолог-кеңесшісі Талдыбаев Тулеген «Өңірлерде дін мәселелерін түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің біріңғай тетіктерін қамтамасыз ету» мемлекеттік-әлеуметтік жобасының аясында КА-168/2 түзету мекемесінде сотталған жазасын өтеуші діндарлармен «мұсылманның әдебі» тақырыбында топтық лекция кездесу өткізді.

 

Сұхбат барысында көтерілген тақырыптар:

 

Жергілікті теологтардың сұраныс бойынша соңғы кездері мекеме ішінде сотталғандар арасында тәртіпсіздіктер жиі тіркелуде. Кей жағдайда намаз оқитындардың да қатысуымен болып жатады. Сол себептен «Әдеп» мәселесін көтеруімді өтінді.

 

• Мұсылманның жеке басына қатысты әдептер;

 

• Мұсылманның қоғамға қатысты әдептері;

 

• «Әдеп» ислам дінің мақсаты және өзегі;

 

• Барлық міндетті құлшылықтар адамды әдепті ету үшін бұйырлған;

 

• Пайғамбардың с.а.с. «Мен жер бетіне адамдардың бойындағы мінез-құлқын кемелдендіру үшін жіберілдім» хадисін ашықтап түсіндірілді.

 

Келесі кездесуге барғанда мамандардан кері байланыс алу арқылы тәртіптерінің түзелгендігі жайында хабардар болдық. Өйткені бір отрядта 70-80 адам бірге тұрғандықтан әртүрлі көзқарас әсер етіп, объектің мінезінің өзгеруі қалыпты жағдай. Осыған орай әр айда бір рет осы тақырыпта сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.

 

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.