Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Құлтаев Сержан Пәрімұлы «ЖД-158/4 мекемесі» РММ-де қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталған діндарлар үшін «Қазақ тарихындағы Ислам» тақырыбында ұжымдық теологиялық сабақ өткізді.
VII-VIII ғғ. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап қазақ жеріне келе бастаған. VIII ғасыр басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыс жанданды. Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғасыр ортасында, яғни 751 жылы Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасындағы Атлах шайқасы зор ықпалын тигізген. Қытай әскері жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етілді.
X ғ. Ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғасыр басында мұсылмандықты Қарахан әулетінің басшысы Сатұқ қабылдады, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса960 ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
XIII ғ. Ислам діні Алтын Ордада ресми дін дәрежесіне көтерілді. Берке хан басқарған кезде ислам басымдылық жағынан көрінді, жергілікті мәдениет мұсылман таңбасына ие болды, ал бақсылар мен ламалар (будда дінінің сопылары) қуғынға ұшырады. Әрбір алтынордалық хан өзінің түрікше қойылған атынан басқа, араб есімін алып жүрді. Тиындарда Жәнібек Сұлтан Жалал Ад-Дин Махмұд, Бердібек - Сұлтан Мұхаммед, Тоқтамыс - Сұлтан Нәсір Ад-Дин, т.б. деп аталған.
XIV ғ. Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін жарияланып, ханафи мәзһабы басты ағымға айналды. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдап оны ұстанды, ал бұл тікелей Қазақ хандығына да қатысты, өйткені, Қазақ елі Алтын Орда, Ақ Ордалардың мұрагері.
Берке (1255-1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдемөнх) мұсылмандықты қабылдауымен ислам нығая түсті. Мысалы, Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 уақыт намаз оқыған.
XV ғ. Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының тұсында да Ислам діні қазақ тайпаларының бір этникалық қауымға бірігуіне ықпал етті. Қазақ хандығы ханафи мәзһабын ұстанды.
XVI-XVII ғғ. Исламның дамуына қазақ халқының орта азия халықтары мен Еділ татарларымен тығыз экономикалық, мәдени байланыстары ықпал етті. Ислам дінінің уағыздарын Бұхар, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген уағызшылары тарата бастады.
Қазақ хандығы дәуіріндегі ислам діні үстем болып, мемлекеттік дәрежеде сақталды. Тарихшы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани қазақтардың билеуші топтары жөнінде: «Олар құран оқиды, намазға жығылады, өз балаларын мектепке береді», - деп жазады. Білім ордаларының бірі болған Отырарда Қазақ дәуіріне жататын екі мешіттің орны табылған.
XV-XX ғасырға дейін Қазақ мемлекеті мұсылмандық құқықтық нормаларды сақтады. Барлық қазақ хандары, Керей мен Жәнібектен бастап Кенесарыға дейін өздерінің шариғатқа жүгінетіндіктерін айтқан. Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда үлкен қадам болды. Осы құжатта көрсетілген әкімшілік, қылмыс және азаматтық құқық нормалары шариғатқа сай жазылған.