Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» орталығының теологтары сотталғандарға Рамазан айының қасиеттері туралы баяндады

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ теолог-консультанты Тулепов Азамат Нұғманұлы қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін «ГМ-172/6 мекемесі» РММ-де «Тәртіпке бас иген құл болмайды, Тәртіпсіз Ел болмайды» атты тақырыпта дәріс оқып, Рамазан айының қадір қасиеті мен ораза айында барынша жаман әдеттерден, ітерден, жаман сөздерден арылу - оразаның негізгі мақсаты екені түсіндірілді. Сонымен бірге мекеменің ішкі тәртібіне бағыну, ауызбіршілік ислам дінінің – негізгі құндылығы екені жеткізілді.

 

Бейбіт өмір - бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік - байлық» деп бекер айтпаса керек.

 

Халқының қамын жеген Әлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана» – деп ынтымақ-бірлікке үндеген.

 

Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына өсиеті еске оралады: «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсынғаны. Кім маған бойұсынбаса, онда ол Аллаға бойұсұнбағаны. Ал кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны»,  «Алланың жәрдемі көпшілікпен бірге», «Жамағатта (бірлік пен ынтымақта) рақымдылық бар, ал бөлінушілікте азап бар» осындай түрлі хадистерден бірліктің маңыздылығын көре аламыз.

 

Жаратушы Алла Тағала қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа қатаң түрде тыйым салады. Аятта: «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді» делінген.

 

Тағы бір хадисте: «Кімде-кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі», - дейді. Шындығында, ислам - мейірім, сыпайылық, көркемдік және бірлік діні.