Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ психологиялық қызметінің басшысы Наурузбаева Шнар Мухамбетовна және Қарағанды облысындағы «Ақниет» АНОО ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Бакирова Арай Сергалиевна Қарағанды облысының білім басқармасы базасында жергілікті білім беру бөлімдерінің 62 мамандарына, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған оn-line семинар жұмысына қатысты.
«Террористік белсенділік аймағынан оралған балаларды әлеуметтік оңалту» тақырыбындағы on-line семинар барысында Шнар Наурузбаева «Жусан» бағдарламасының репатрианттарымен «Ақниет» орталығының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды. Өз кезегінде Арай Бакирова «Жусан» операциясы аясында оралған отбасыларды әлеуметтік оңалту бойынша «Ақниет» қорының жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.
Жусан бағдарламасы аясында оралған отбасылармен теологиялық әлеуметтік оңалту жұмыстарын жүзеге асырудағы жұмыстарда тек қана теологтын ғана күші жетпегендіктен осы жұмысқа психолог маман мен бірге теологтында етене жұмыс жасағаны тығыз дұрыс деп алға тарта келе теолог өз тарапынан тыңдаушыларға ең бірінші баллардың ата анасымен етене жұмыс жасауға баса назар аударуын сұрады.
Дегенмен бәрінен қымбат - Адам, адам өмірі екені дәлелденген. Жусан операциясымен келген балларға ең бірінші ата ана махаббаты керектігін нық сенім уялата отыра балларға діни дұрыс бағыт бағдар жолдарын түсіндіруде ата ана көмегі керек екенін алға тартты.Ол үшін ата анамен дұрыс түсіндірме жұмыс жүргізу арқылы жетуге болатынын айтып өтті. Сонымен қатар балларды ең бірінші қоғамға бейімдеп отан сүйгіштікке ,үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті махаббатбен жеткізіп бейімделгеннен кейін ғана діни дұрыс көз қарас қалыптастыруға болатынын, ол санамен ақылмен ата ананын дұрыс түсінікті қалыптастырумен болатынын алға тартты.
Алғашында бұл әйелдердің бойында қорқыныш, үрей мен сенімсіздік бар болатын. Жақында жүргізілген психодиагностикалық жұмыстар әйелдердің жүйкесі тыныштала бастағанын аңғартады. Күйзелістен біртіндеп арылып келеді. Ал балаларға келсек, олар алғашында біздің сырт бейнеміздің өзінен қатты шошып жүрді. Өйткені, олар әйел атаулы ниқаб киіп жүретін ортадан оралған. Жыл он екі ай бойы жылы Сириядан келген кішкентайларға басқаны айтпағанда, жыл мезгілдерін түсіндірудің өзі қиынға соқты. Көпшілігінің қазақ, орыс тілдеріндегі сөздік қоры жұтаң. Араб тілінің сириялық диалектісін араластыра сөйлейді, - деді теолог.
«Ақниет» АНОО ҚҚ өкілдерінің on-line семинарға қатысуы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен іске асырылатын «Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылды.