Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Түркістан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Айтаев Икрам Сатибалдыұлы «Оңтүстік» телеарнасында «Қазақстандағы діни білім мәселесі» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты.
Айтаев Икрам бүгінгі таңда қоғамдағы ең актуалды болып тұрған діни білім алу мен иманды ұрпақ тәрбиелеуге қатысты мәлімет берді. Сонымен қатар қазіргі таңда көптеген жастар шетелде діни білім алып, дәстүрлі емес көзқарасымен көзге түсіп жатқанын жеткізді. Осыған орай, экстремистік діни ағымдардың арбауына түспеу мақсатында діни білім мен бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті сезіну және жастардың отандық діни оқу орындарында білім алу қажеттілігі айтылды.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.