Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-консультанты Култаев Сержан Пәрімұлы Тараз қаласындағы Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қызметкерлеріне «Радикалды және деструктивті діни көзқарастарға қарсы әдіс тәсілдердің қолдану түрлері».
Дәріс барысында Сержан Құлтаев діни сананы радикаландыру қаупі бар діндарларды анықтау әдістері туралы айтып, діни орта өкілдерімен қарым-қатынас барысында мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне назар аудару қажет негізгі тұстарды, сондай-ақ оңалту-алдын алу жұмыстарын жүргізу негіздерін атап өтті. Сержан Құлтаев «Ақниет» ҚҚ тәжірибесімен бөлісіп, дәріс қатысушыларының назарына дерадикализация критерийлерін жеткізді, дерадикализацияның аралық және соңғы нәтижелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жaһaндық деңгейде әрекет етіп отырғaн деструктивті діни aғымдaрдың ықпaлымен күресуде өз қоғaмымыздa ұлттық және діни-рухaни құндылықтaрды кеңінен тaныстырып нaсихaттaудың aрқaсындa біз бүгінгі және келешек қоғaмымыздың ұрпaқтaрын жaт aғымдaрдың кері әсерінен қорғaп, сaқтaй aлaмыз десек артық айтқандық болмайды.
Оның үстіне қазіргідей жаһанда дауасы жоқ экстремизм, терроризм деген дерттің ушығып тұрған заманында бұл індеттен аз ғана шығынмен қалай құтылуға болады деген сауал саналы қоғамның санасында болуы заңды құбылыс. Ал осы орайда біздің жүріп өткен тарихымыз бен рухани жолымызда ешбір келеңсіздіктің болмағандығын ескерсек, қазір де осы құндылықты жаңғыртудың зияны болмасы хақ.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.