Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ-ның өкілі «Жусан» бағдарламасымен елге оралғандарға теологиялық түсіндіру жұмыстарын өткізді

«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында ШҚО бойынша «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының бас маманы Абаков Аслан Муратулы өскемен қаласында орналасқан «ОВ 156/3 түзету мекмесінде», «Жусан» бағдарламасы бойынша оралған азаматтарға «Дәстүрлі Ислама түсінігі» тақырыбында теологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Дәстүрлі Ислам деген не?».

 

«Дәстүрлі Ислам» ұғымы сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қазақ халқының бойында қалыптастырған бір Құдайға сыйыну үрдісі, «дінім-Ислам, кітабым-Құран» деген ұраны, дін істерінде жетекшілікке алған Имам Ағзамның мәзхабы. Осы ұғымдағы дәстүрлі Ислам-дін ғалымдарының көрсеткен сара жолы. Міне, осы бағыт халқымыз үшін тиімді де ыңғайлы, ұлтымыздың табиғатына тән және тұрмыс-тіршілігімізбен тығыз байланысты. Сонымен қатар, дәрстүрлі Исламның маңыздылығы тек фиқх, мәзхаб мәселелерімен шектелмейді. Дәстүрлі Ислам күнделікті тіршіліктің күрделі мәселелеріне ұтымды әрі дұрыс жауап береді.

 

«Ислам діні мен дәстүрдің байланысы қандай?».

 

Дәстүрлі Ислам түсінігі бастауын Пайғамбарымыз (ﷺ) кезеңінен алып, бүгінгі дейін жалғасын тауып келе жатқан әхлүс-сүнна уәл-жамағаны меңзейді. Ал, «әхлүс-сүнна уәл-жамаға» мұсылман жұртшылығы тарапынан сенімге ие болған ханафи, шафиғи, мәлики және ханбали мәзхабтары, ал сенімде матуриди және әшғари мектептері.

 

«Қазақ халқындағы дәстүрлі ислам көрінісі қандай?».

 

Қазақтың ғұмырлық өлшемі болған Едіге бидің «Жасақ» жарлықтары, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз- Тәукенің «Жеті жарғысы», Абақ Керейдің «Төрт би, төре заңы», т.с.с. дәл осы ханафи мазхабының талаптарына негізделгенін, ал ханафи мәзхабы дәстүрлі Исламның іс жүзіндегі көрінісі. Сонымен қатар Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы ислам дінінің инклюзивті үрдістері қарапайым өмірдегі ислам практикасымен қатар, қазақтың ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтқандарынан, діни ойшылдарының шығармалары-нан, бертіндегі Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы сынды рухани тұлғалардың еңбектерінен айқын көрінеді.

 

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.