Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша Ақниет ҚҚ өкілдігінің психолог- консультанты Мухамбетова Динара Руслановна Маңғыстау облысы «Бекет-Ата» мешітінің әйел жамағатына «Ақпараттарды қабылдау» атты тақырыппен психологиялық кездесу жүргізді. Шарада Маңғыстау облысы «Бекет-Ата» мешітінің ұстазы Қазиева Ақмарал қатысты.
«Ақпараттарды қабылдау» атты тақырыппен психологиялық кездесу барысында қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қойылып, топтық талқылау орын алды. Сізге маңыздырағын атаңызшы:
- Ақпаратты кім айтып тұрған маңыздырақ?
- Немесе ақпаратты кім айтып тұрғаны маңызды емес керісіне қандай ақпарат айтып тұрған маңызды ма?
- Егер ақпарат сізге маңызды емес адамнан айтылып жатыр Сіз ол адамды соңына дейін тыңдайсыз ба?
- Егер айтылып жатырған ақпарат таныс есес, сонымен қатар тақырыбы сіздің мазаңызға көңіл күйіңізге тиіп жатырса, Сіз аяғына дейін тыңдайсыз ба?
- Ақпараттың дұрыстығына қалай анализ жасайсыз?
- Егер ақпараттан күмәніңіз туындаса қалай анализ жасайсыз? – басқа да кітаптардан немесе басқада ақпарат көздерінен дискуссия спорлар демесе ақиқат іздей бастайсыз ба?
- Ақпаратты алдыңыз соны келесі адамға айтасыз ба?
- Қандай негіздемеге сүйеніп айтасыз? Немес айтпайсыз? Немесе өзімнің білімімді қоса айтамын?
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.