Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1

info@aqniet.com

«Ақниет» ҚҚ теологы «Жусан» репатрианттарымен кездесті

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде елге оралған азаматшалармен «Арманда» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.

 

Психологиялық тренинг - жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады.

 

Психологиялық тренинг - ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер қатысушылардың мінез - құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Психологиялық тренинг - қабілетті арттыруға, психотерапияға, әлеуметтік психологияға және бизнеске бағытталады.

 

Психологиялық тренинг - қазіргі таңда бизнес тренинг кеңінен таралған. Бұл тренинг персоналға бизнестегі тапсырмаларды сәтті орындауға, жұмыстың өнімділігін арттыруға көмектеседі.

 

Психологиялық тренинг - басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.

 

Психологиялық тренингтің пайдасы

 

1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.

 

2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.

 

3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді.Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.

 

4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.

 

5. Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтей білугедағдылану.

 

Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп,топаралық пікірталас орын алды. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.