Астана қаласы,
Қабанбай батыр к-сі,
«Радуга» тұрғын үй кешені, 5/1
info@aqniet.com
«Өңірлерде түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің біріңғай механизмдерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында Атырау облысы бойынша «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог-маманы Мұхит Меруерт Ахметқызы 157/11 түзету мекемесінде қылмыстық жазасын өтеуші «Жусан» репатрианттарына «Туыстық қатынас - мұсылман міндеті» тақырыбында on-line форматында лекция өткізді.
Тақуалық сөзі «уиқая» түбірінен шығып, сақтану, қорқу деген мағыналарды білдіреді. Дінімізде «тақуалық» сөзі арнайы «Алладан қорқу» деген мағынада қолданылады. Құдайдан қорқатын адамды «тақуа» деп атаймыз. Ғалымдардың айтуынша араб тілінде «тақуалық» ұғымы Алладан басқа табынатын пұттар секілді нәрсе үшін қолданылмайды екен. Яғни, «Пәленше өзінің пұтынан тақуалық етіп қорқады» деп айтылмайды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер, Алладан лайықты түрде қорқыңдар әрі тек мұсылман күйлеріңде ғана жан тәслім етіңдер», - деп өзінің құлдарын тақуалыққа бұйырады.
Адам баласы жұмаққа көбіне тақуалығы мен көркем мінезі үшін кіреді. Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Бір күні Алланың елшісіне (ﷺ) адамдардың жәннатқа кірулеріне көбіне не нәрсенің себепші болады? – деген сұрақ қойылғанда Ол: «Алладан қорқу және көркем мінез», - деп жауап берді.
Бір яһуди кісі халифа Харун Рашиттен бір қажетін сұрамақ болады. Бір жыл бойы халифаның қақпасының алдында тұрып, кіре алмай жүреді. Сол себепті әлгі өтініші орындалмайды. Яһуди бір күні қақпаның алдынан кетпей тұрып алады. Қақпадан халифа Харун Рашит сыртқа шыққаны сол екен, яһуди шапшаң келіп алдына тұра қалып: «Ей мүминдердің әміршісі, Алладан қорық», - дейді. Бұл сөзді естіген халифа бірден атынан жерге түсе кетіп, сәждеге жығылады. Сосын, нөкерлеріне әлгінің қажетін өтеуге бұйрық беріп, тілегін орындайды. Харун Рашит кері оралғанда «Бір яһудидің сөзі үшін неге сәждеге жығылдыңыз?» деген сұрақ қойылады. Ол: «Жоқ, мен бар болғаны Алланың: «Ал қашан оған: «Алладан қорық!», - делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәһар етеді. Оған тозақ жетеді, ол нендей жаман орын», - деген сөзін есіме алған едім», - дейді.
Әзірет Әлиге (р.а.) бір мұқтаж кісі келеді. Ол өзінің ұлы Хасанды (р.а.) анасы Фатимаға (р.а.) жіберіп, ақша сұратады. Ұлы әкесіне қайтып келіп: «Анам айтады, ұнға деп өзіңіз берген 6 дирһамнан басқа ақша жоқ екен», - дейді. Әли (р.а.): «Пенде өзінің қолындағыға емес, Алланың береріне нық сенбейінше иманы кәміл болмайды. Анаңа бар дағы әлгі ақшаны алып кел», - дейді. Содан баласы анасынан 6 дирһам алып, әкесіне береді. Әли (р.а.) ол ақшаны әлгі мұқтаждың қолына ұстатады.
Көп кешікпей Әли (р.а.) базарға барады. Ол жерден бір түйені көріп, иесінен құнын сұрайды. 140 дирһам екен. Сахаба 8 күнге қарызға сұрап еді, әлгі кісі береді. Түйені үйіне әкеліп, есігінің алдына байлайды. Өтіп бара жатқан бір кісі: «Бұл кімнің түйесі?», - деп сұрайды. Әли (р.а.): «Менікі», - дейді. Екеуі саудаласып, ақыры ол түйені Әлиден (р.а.) 200 дирһамға сатып алады. Әли (р.а.) 200 дирһамның 140 дирһамын базардағы саудагерге, ал 60-ын жұбайы Фатимаға (р.а.) беріп тұрып былай дейді: «Бұл жағдай Алла Тағаланың сүйікті Пайғамбарына (ﷺ) түсірген мына аятының растығын дәлелдейді», - деп, төмендегі аятты оқиды: Тақуа құл басшыға бағынуымен де ерекшеленеді. Мына төмендегі хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) үмметіне тақуалықпен қоса басшыға бойсұнуды өсиет еткен.
Сахаба Ирбад ибн Сария (р.а.) айтты: «Алланың Елшісі (ﷺ) бізге көзге жас, жүрекке тебіреніс беретін әсерлі бір уағыз айтты. Біз: «Уа, Алланың Елшісі, бұл қоштасып жатқан адамның уағызындай болды ғой. Ендеше, бізге өсиет айтыңыз?», - дедік.
Тақуалық - Алланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан қашу арқылы Оның азабынан сақтану дегенді білдіреді. Тақуалық - иманнан кейін тұратын мүмінге ғана тән дара қасиет. Алла Тағалам бойымыздағы тақуалықтыарттыра көр! Амин.
«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.